Айқын алғаш рет ел алдында жас келіншегіне деген сезімін білдірді

Жұлдыз Өмірғали мүшел жасқа қадам басты. Айқынның келіншегі 24 жасқа толған туған күнін сүйіктісі мен достарының ортасында атап өтті. Ал тоқал алып елді шулатқан Айқын алғаш рет көпшіліктің алдында Жұлдызға деген сезімін білдірді, деп жазады Stan.kz.

Айқын-Жұлдыз

Әлеуметтік желідегі парақшасында алғаш рет Жұлдызбен түскен суреттерін жариялаған Айқын: 

"Алтыным, туған күнің құтты болсын! Мен сені қатты жақсы көремін ғой", - деп ағынан жарылды. 

Айқын жас келіншегінің туған күнінде оған деген сезімін білдірді

Жұлдыз Өмірғалидің парақшасында туған күн кешінде көріністер жарияланды. Бикеш меншікті мерекесін Айқынмен және құрбыларымен бірге караокеде атап өткен. 

Айқын жас келіншегінің туған күнінде оған деген сезімін білдірді

Әдетте күйеуіне қатысты қандай да бір жаңалықты жария етуде тосылып қалатын Жұлдыз да бұл жолы: 
"Мені "Принцесса" қылып жүргеніңе рахмет жаным", - деп жазба қалдырды. 

Желі қолданушылары болса достарына қараған кезде, Айқын мен Жұлдыздың жас айырмашылығы қатты білінетінін атап өтті.

"Достары бала ғой әлі, Айқын балалардың арасында шал ғой", - дейді оқырмандардың бірі.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр