Айқын: Президенттің кеткеніне қуанып жатқандар өмірлерін тек өздері өзгерте алатынын түсінбейді

Назарбаев мерзімінен бұрын өкілеттігін тоқтатты деп қуанып жатқандар Айқын Төлепбергеннің шамына тиді. Әнші басшы ауысқанымен, адамның өзі өзгермесе, болашағы өзгеруі екіталай деп отыр.

Айқын

"Ақыры кетті" деп жазып жатқандар өз өмірлерін тек өздері өзгерте алатынын түсінбейді-ау. Өміріңді тек өзің жақсарта аласың. Сенің балаларыңның болашағы мен тағдыры саған ғана байланысты. Билікте кім отырса да бәрібір. Президенттің мұнда еш қатысы жоқ", - деп ойын білдірді Айқын желідегі парақшасында. 

"Не де болса бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Сабыр, сабыр және сабыр. Оның үстіне, билікпен бөліскені дұрыс болған екен. Ол да бір ерлік. Не де болса коммунизмнен демократияға өту оңай емес. Өтпелі кезеңнен аман есен әлі өтіп келе жатырмыз деп ойлаймын. Себебі 100 жыл бұрын Хандықтан республикаға өту елімізге өте ауыр тиген болатын", - деп жалғады сөзін ол Төлепберген.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр