Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айгүл Мүкей туған ауылына мешіт салдыруды армандап жүргенін айтты

Айгүл Мүкей алғаш рет отандық бағдарламалардың бірінде жеке өміріндегі қиындықтары туралы айтып берді. Мұнымен қатар, тележүргізуші туған ауылына мешіт салдыруды армандап жүр екен.

image

Фото: instagram.com/aigulmukei/

Бұл туралы 31 арнаның “Ұят емес” бағдарламасында айтылды.

Тележурналистика саласының маманы Айгүл Мүкей осы уақытқа дейін тұрмысқа шықпаған. Тележүргізуші қазір 41 жаста. Асанәлі есімді бір ұл тәрбиелеп отыр. Алайда тұңғышы дүниеге келгенге дейін ол көптеген қиындықты артта қалдырған екен. Тіпті, ЭКО процедурасын жасатуға мәжбүр болған.

“Бұрын болмаса, қазір ақ көйлек киюді армандамаймын. Тағдыр осылай болып, отбасын құрған жоқпын. Әрине, мен бала, үй туралы көп ойландым. Белгілі бір ер адам болмады. Әпкем сәтті тұрмысқа шықты. Жас күнінде “Күйеуімнің үйдің ішінде, ішкиіммен жүргенін көз алдыма елестете” алмаймын дейтін. Мен де сол сәтте “Елестете алмаймын” деп айтушы едім. Менің жеке өміріме қатысты қалай ойласаңыздар да өздеріңіз біліңіздер”, – дейді Айгүл Мүкей.

– Балаң бар, бірақ күйеуің жоқ. Бұл қалай?

– Бала болған соң, міндетті түрде оның әкесі болады. Мен оны ешбір желіде жарияламаймын. Ол бұған қарсы. Ол уақытта біз үйлене алмадық. Мүмкіндік болып тұрса да, бұл қадамға бармадым. Жуырда кішігірім той жасауым мүмкін. Бірақ үйлену тойына арналған емес, қарапайым көйлекті таңдаймын… Ана болу қолымнан келмеді. Бұл енді таза медициналық, физиологиялық проблемалар. Туа алмадым. Мұндай жағдай 15 реттей қайталанды. Артынша эко жасаттым.

Аталған тақырыпта сөйлескім келмейді. Қыздардың мамалог маманға барып, ұлдардың мүшеқап пайдаланулары керектігін білемін. Мұның барлығы қыздар баласын дәретханаға тастайтындай жағдайға жетпеуі үшін жасалады. Қазақ қызы болғанымнан, мұның барлығы туралы ұлыммен ашық сөйлесе алмайтын сияқтымын. Өзімді әлі де тәрбиелеймін. Құрбыларымнан ЭКО туралы сұрап білдім. Мұндай процедураға жүгінгендер өте көп екен. Әлі де балаларымның болғанын қалаймын. Өзгелерге жеңілмей, тек алға жүруге кеңес беремін.

– Сонда осы тақырыпта сөйлесуге ұяласың ба? Медицина көзқарасы бойынша, сен әлі де бала туа аласың ба?

– Иә, бұл өте қиын сұрақ. Мен ешкімнен ұялмаймын. Тек әкемнің басқа қалада тұрып жатқан аға-әпкелері бар. Бүкіл халыққа айтамын деп оларға ауыр тигенін қаламаймын. Мен қырықтан асып кеткеніме қарамастан, олар үшін жас қыз болып қала беремін. Бұл тақырыпты осы бірнеше адамға бола қозғағым келмейді.

– Қандай арманың бар?

– Өзімнің туған ауылымда мешіт тұрғызғым келеді. Бұл менің арманым. Әкемнің де, анамның да ауылында дұрыс мешіт жоқ. Бұған көп ақша керек деп ойламаймын. Осы арманымды орындасам деген ниетім бар.


Жіберіп алмаңыз:

Төреғали Төреәліге ерекше автокөлік нөмірі сыйға тартылды (видео)

Роза Рымбаева соңғы 25 жылда барлық туысқанын қалаға көшіріп, жұмысқа орналастырған

Қырғыз әншісі Абай Бегейдің танымал әнін ұрлап алды (видео)

Ирина Тен, тележүргізуші: Қазақ отбасына келін болуға дайынмын

Талқылау