Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айгүл Иманбаеваның ұлы: Мен өсе келе әкемді жақсырақ түсіне бастадым

Сәбит Әбдіхалықов пен Айгүл Иманбаеваның ортақ некесінен туған Асылжан алғашқы екі жылын Еуропада оқығанымен, соңғы курстарын туған жерінде тәмамдауды жөн деп шешіпті. Шет елде кино саласында білім алып жүрген жігіттің мұндай шешімге келуіне әкесінің ойы ықпал етсе керек. Stan.kz ақпараттық агентігінің тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Асылжан Сәбитұлы, жанұясы жайлы тың ақпараттармен бөлісті.

Айгүл Иманбаеваның ұлы: Мен өсе келе әкемді жақсырақ түсіне бастадым

«Мен шет елде «таспагер» мамандығында оқығанмын. Содан кейін Қазақстанға келіп жүргенде әкем «режиссер» мамандығын меңгеру туралы ұсыныс айтты. Шет елде режиссерлікті оқуға мүмкіндік бар. Бірақ әкемнің айтуынша: «Осы Қазақстанда оқысаң, жүрегі бар режиссер болғың келсе, өз еліңнен қаша алмайсың, Қазақстанда оқып көр. Содан кейін бастамаларыңды бастай аласың» – деді. Бұл ұсынысты анам да қолдады», – дейді Асылжан Сәбитұлы.

20 жастағы жігіт жақында Прага қаласынан Алматыдағы Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясына ауысып келіпті. Қазіргі таңда Сәбит Әбдіхалықовпен жиі жүздесудің сәті түскенін айтады. Сұхбат барысында әкесімен арадағы қарым-қатынасы жайлы да ашып айтты.

Айгүл Иманбаеваның ұлы: Мен өсе келе әкемді жақсырақ түсіне бастадым

«Қазіргі таңда анамнан гөрі, әкемді көп көремін. (күледі) Енді біз еркектерміз ғой. Мен өсе келе әкемді жақсырақ түсіне бастадым. Оның басынан өткен қиыншылықтарын өз басымнан өткендей көрдім. Сосын іштей әкемді жақынырақ сезіне бастадым. Өзім өскен сайын әкеме ұқсап бара жатқандай сезіледі. Есейгеннен кейін бір анама айта алмайтын әңгімелерді де ашық айта береміз. Әкемнің де, менің де киноға қызығушылығымыз бар ғой. Сондықтан жиі кездесіп, көп әңгімелесеміз», – дейді Асылжан Сәбитұлы.

Сәбит Әбдіхалықов соңғы жылдары Асылжанның суреттерін әлеуметтік желіге жиі жүктейтін болған. Тіпті, актер ұлымен туған жеріне жиі табан тірейді екен. Асылжанның айтуынша, Айгүл Иманбаева әке мен баланың кездесуіне ешқашан қарсылық танытпаған.

Айгүл Иманбаеваның ұлы: Мен өсе келе әкемді жақсырақ түсіне бастадым

«Әкемнің аулына жиі барып тұрамыз. Негізі ол жаққа кішкентай кезімнен барамын. Оқушы кезімде жаз айларында 1-2 рет барып, келіп тұрамын. Анам әкеммен араласуға бала кезден тосқауыл қоймаған. Ес білгелі, осы сенің әкең, әкеңнен ешқашан қаша алмайсың деп айтып отырады», – дейді Айгүл Иманбаеваның ұлы.

Айта кетейік, Асылжан Сәбиттің алғашқы некесінен туған. Ал, екінші рет шаңырақ көтерген Әбдіхалықов пен Алтынай Жорабаеваның төрт қызы бар. Бүгінде қарындастарының амандығынан тек сырттай ғана хабардар болып отырады екен.

Айгүл Иманбаеваның ұлы: Мен өсе келе әкемді жақсырақ түсіне бастадым

«Қарындастарыммен араласып тұрамын. Хабардамыз ғой. Қайда жүргенін, не істеп жүргенін білемін. Қазір олар енді өсіп жатыр ғой. Мен де бала кезде ештеңе ойламай жүре беретінмін. Өскен кезде, өмірде қиыншылықтар пайда болған кезде үлкендердің ақылына жүгінесің. Сол сияқты олар да үлкен өмірге қадам басады. Сол кезде жақынырақ араласамыз ғой. Қазір мен оларға ештеңе деп айта алмаймын. Тек сырттан сәлемдесіп, қалдарын біліп тұрамын», – дейді Асылжан Сәбитұлы.

Сондай-ақ, ол танымал әке-шешесінің соңынан ерген қауесеттерге бас қатырмайтын болып шықты. Ал кереғар пікір білдіргендерге Асылжан Сәбитұлының айтары бар.

«Маған жағымсыз сөздердің ешқашан әсері тимеген. Ең бастысы менің өз бетіме айтпайды. Пікірлерді кез-келген адам жаза алады. Олардың сөзін оқығанда құны жоқ. Құнды сөз болса, айтқан сөздерінде шындық болса, құлақ асуға болады. Ата-анам жайлы жаман сөздерді бетіме ешкім айтқан жоқ. Желіде жазғандары көңілге тимейді. Керек болса менің бетіме келіп айтсын», – деп сөзін түйіндеді Сәбит пен Айгүлдің тұңғышы.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау