Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айгүл Иманбаева құрбысы Баян Алагөзованың жаңа пәтерін көрсетті (видео)

Танымал әнші әнші әрі актриса Айгүл Иманбаев құрбысы Баян Алагөзованың жаңа пәтерін көрсетті. Баянның күйеуі Тұрсын Алагөзовтің ұлы әкесін пәтерінен қуып шыққаннан кейін, ерлі-зайыптының басқа үйге қоныс аударғаны белгілі болды, деп жазады Stan.kz.

Айгүл Иманбаева құрбысы Баян Алагөзованың жаңа пәтерін көрсетті (видео)

Алагөзовтердің пәтерінде қонақта болған Айгүл Иманбаева Insta-Stories-те олардың жаңа баспанасын көрсетті.

«Үй иесін видеоға түсіріп отырмын. Үй құтты болсын, Тұрсын! Тамаша» – дейді әнші.

Өз кезегінде Баян Алагөзова да киім-кешекке арналған бөлмесін көрсетіп мақтанды.

«Құрметті, әйелдер. Басы артық зат жинамаңыздар. Әйтпесе мен сияқты заттарыңызды 3 немесе 5 күн реттейтін боласыздар. Мен әлі де осы іспен айналысып жатырмын. Сондықтан уақыт жоқ», – дейді продюсер.

Ал желі қолданушылары Алагөзовтер отбасына «қоныс құтты болсын» десіп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, Тұрсынғали Алагөзовтің ұлы Әрсен Алагөзов өз әкесін сотқа беріп, элиталы үйінен қуып шыққан еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау