Айгүл Иманбаеваның бейтаныс ермен түскен суреті елді қызықтырып қойды
Айгүл Иманбаева тағы да елдің назарында. Біресе биылдан қалмай тұрмысқа шығамын, біресе жақында той болады деп елді шулатқан актриса енді бейтаныс азаматпен түскен суретін жариялап, жұртты қызықтырып қойды, деп жазады Stan.kz.
Фотода көзі жабылған ер азамат Айгүлдің бетінен сүюге ынтығып тұр. Ал актрисаның өзі: “Сені ешкімге бермеймін сұрамасын”, – деген жазбасымен әлеуметтік желі қолданушыларының ойын сан-саққа жүгіртті.
Көпшілік фотодағы жігіттің кім екенін білуге асықты.
Бұған дейін Иманбаева 2019 жылдың наурыз айында шетелде той болатынын айтып қалған еді. Соған қарап көпшілік фотодағы азамат Айгүлдің таңдаған азаматы болуы мүмкін деп болжады. Десе де, Иманбаеваның қалжың сөзге жақын жүретінін білетін көпшілік ол әдеттегідей интрига жасаған болуы мүмкін деп те пікір білдірді.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Талқылау