Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Айгүл Иманбаева өзін киноға түсірмеген құрбысы Баянға ренішін жеткізді

Айгүл Иманбаева мен Баян Алагөзова көп жылдан бері құрбы. Әнші әрі актриса Айгүл толықтай Баянның продюсерлік орталығында жұмыс істемесе де, бейнебаян түсіру, ән жазу сынды жұмыстарға келгенде апалы-сіңлілі продюсерлердің көмегіне жүгінеді. Алайда бұл жолы актриса өзін фильмге шақырмаған құрбысына ренжулі.

Айгүл Иманбаева өзін киноға түсірмеген құрбысы Баянға ренішін жеткізді

Бұл туралы Stan.kz 7-арнаның “Гу-гу-лет” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Баянның дәл осы киноға неге шақырмағанын білмедім деп ренжіп қояды дейді. Дұрыстап “дыхалкасынан” ұрып сұрау керек еді”, – деп қалжыңдады Айгүл.

Актрисаны түсірілімге шақырмағанына Алагөзованың өзі де өкініп қалған ұқсайды.

“Кейін алдын ала көрсетілімде: – Мен неге саған айтпағанмын? – деп өзі айтады. – Неге айтпадың? – деп өзімше іштей еркелеп, ренжідім.

“Мен “Ғашық жүрек” фильмінің бірінші және екінші бөлімінде ойнадым. Сол кино арқылы үлкен образ сомдалды, халыққа кеңінен таралды. Біріне-бірі ұқсап кетпесін деп қашатын шығар мүмкін”, – деп топшылады Иманбаева.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр