Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйгілі Экхарт Толленің бақыт пен байлық туралы 5 нақыл сөзі

Танымал жазушы мен философтың кітабынан алынған 5 нақыл сөзді ұсынамыз. Олар өміріңізді түбегейлі өзгертіп, шынайы бақытты болуға көмектеседі.

Бұл туралы transurfing-real.ru сайты жазды.

1. Істеген ісіңізге қуану үшін миыңыздан рұқсат сұраудың қажеті жоқ. Әдетте ми мұндайда “Қазір емес. Менің қолым бос емес екенін көріп тұрған жоқсың ба? Менің уақытым жоқ. Бәлкім ертең қуанғаның жөн шығар”, – деп жауап береді. Олай болса, еріншектің ертеңі бітпейтінін ұмытпаңыз. Бүгін қуанып, бүгін бақытты болыңыз.

2. Бір нәрсеге қол жеткізе алмай жүрген болсаңыз, өзіңіз сол нәрсені біреуге бермей жүрсіз. Өзіңізге жетпей жүрген нәрсені бірнеше апта бойы өзгелерге беріп көріңіз. Айналаңыздағыларға қамқорлық танытып, махаббатыңызды сыйлаңыз.

3. Байлық жан-дүниесі бай адамға ғана келеді. Байлыққа кенелу үшін өмірге алғыс айтудан бастаңыз.

4. Өзіңізге не нәрсенің тиесілі екенін түсіну үшін барлығынан бас тартыңыз. Себебі, осылайша сіздің бақытыңыздың ешнәрсеге тәуелді емес екенін дәлелдейсіз.

5. Шындықты қабылдай білу, қазіргі сәтпен өмір сүру қасиетін жануарлар мен құстардан үйреніңіз. Еменнің күйзеліп, бақаның сырт келбетіне бола қайғырып, мысықтың ренжіп жүргенін көргенсіз бе?


Жіберіп алмаңыз:

Небәрі 7 күннің ішінде өміріңізді түбегейлі өзгерткіңіз келе ме?

Қазақстанда тұңғыш рет сәйкес келмейтін донордың бауырын салу бойынша операция жасалды

Елімізде дәрі-дәрмек бағасы реттелетін болды

Блогер Алматы облысында адамдардың басы биттеп жатқанын айтып дабыл қақты

Талқылау