Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйгілі визажист ауыр дертке шалдыққан адамдардың бетін әрлеп, “екінші өмір” сыйлады (фото)

Гоар Аветисян — бүкіл әлемге танымал визажист. Оның жұмыстары адамды таңдандырады. Себебі Гоар бетін әрлеген модельдердің бір демде өзгеретіні сонша, тіпті, танымай қаласыз.

Визажистке әйел адамдар бетін әрлету үшін ғана емес, сондай-ақ өзіне деген сенімділігі мен өмірге құштарлығын арттыру үшін келеді. Өз кезегіде Гоар мейірімді дәрігер сияқты адамдардың жанын емдеуге септігін тигізіп жүр. Оның дәлелін төмендегі суреттерден көре аласыздар.

Қатерлі ісікке шалдыққан Юлия визажистің тамаша жұмысынан кейін қатерлік дертпен күресуге күш тауып, ауруханаға қайтып оралды.

Гоар Аветисянның Хюррем Сұлтан стиліндегі ерекше жұмысы.

Визажист «әр әйелдің Голливуд жұлдызы бола алатынын» дәлелдеп жүр.

Сұлу бойжеткен Владаның көзіне 15 ота жасалған.

Бұл әйелді тігін шеберханасында жолықтырған Гоар оған ерекше сыйлық жасауды ұйғарыпты.

Гоардың әжесі 9 жыл ішінде алғаш рет бетін әрлеуге келісім берді.

Анастасия химиотерапия курсын қабылдап жүр. Гоардың моделі болғаннан кейін, оның бойында өмірге құштарлық пен батылдық пайда болған.

Мадина сүт безі қатерлі ісігімен күресіп жүр. Гоар оған қолдау білдіріп, ерекше сыйлық жасады.

38 жастағы бұл әйел алғаш рет визажистке бетін әрлетіпті.

Джамиля 2,5 жасында күйіп қалып, денесінде күйіктің ізі қалып қойған. Гоар дағыстандық қыздың жол жүру билетінің ақысын төлеп беріп, оған тосынсый жасады.

Юлия қатерлі ісік салдарынан омырауы мен шашынан айырылған. Гоар оған өзін ерекше сұлу сезінуге көмектесті.

Оқи отырыңыз:

Барлығы мінсіз үйлесім тапқан ерекше 15 фотосурет

2017 жылдың ең күлкілі жануарларының суреттері жарияланды

Ер адам болып туғанымен, әйел болып өмір сүріп жатқан 10 сұлу

“АрселорМиттал Теміртау” ереуілге шыққан шахтерлерді сотқа берді

Әнші Адэми отбасылы еркекпен қарым-қатынасы туралы ашық айтты

Талқылау