Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйгілі Виктор Цой туралы жаңа фильм түсіріледі

Режиссер Алексей Учитель “Цой” атты фильм түсіріп, онда музыканттың туыстары мен жақындары оның денесін Санкт-Петербургке дейін апарғанын көрсетпек.

63363

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды

Режиссердің айтуынша, ол картинаны Цойдың рөлін сомдауға тиісті актерсіз түсірмек. Фильмде әншінің денесін Санкт-Петербургке жақындары мен туыстарының қалай алып келгені көрсетіледі. Бұл ретте Цойды қағып өлтірген көлік жүргізушісі бас кейіпкер болмақ.

Фильмнің жалпы бюджет қоры 150 миллион рублді құрайды. Бұған дейін режиссер Кирилл Серебренниковтың да музыкант Цой туралы кино түсіргелі жатқаны хабарланған еді. Картинада режиссер Цойдың жаңа альбомының шығатыны туралы көрсетпек екен.

“Серебренников түсіретін Цой оқиғасы – бұл 17 жастағы жігіттік кезі, ал біздікі өмірінің соңы. Демек, екі картина бір-бірімен байланысады”, – дейді Алексей Учитель.

Оқи отырыңыз:

Ерлан Орынбасаров: Баянның қиналғанын көріп, оны қалдырып кетуге қорықтым

Серік Ибрагимов перзентханадан шыққан сүйіктісін тосынсыймен күтіп алды (фото, видео)

Нұрлан Қоянбаев қазақ тілі туралы сәтсіз әзіл айтқан Мұсағалиевті қорғады

Мөлдір Әуелбекова: Ұлымды 2 жасына дейін омырау сүтімен өсіремін

Талқылау