Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйгілі Криштиану Роналдуға жаңа ескерткіш орнатылды

Атақты футболшы Криштиану Роналдуға ескерткіш орнатылды. Қоладан құйылған мүсін “Реал Мадрид” футбол клубының мұражайына қойылды.

Туындының авторы – мүсінші Хосе Антонио Наварро Артеага. Ол бұған дейін герцогиня Альбаға арналған ескерткішті жасаған еді.

Криштиану Роналдудың ұлы әкесіне ел қызығатындай мүсін жасап беруді сұраған. Себебі әкесінің туған жерінде қойылған ескерткішті көрген соң, бозбаланың көңілі түсіп кеткен.

“Жұмыс барысында Роналдудың бірнеше суретін пайдаландым. Бұл кейіпкердің ішкі күшін көрсеткім келді”, – дейді мүсін авторы Артеага.

Испан басылымы El Mundo-ның хабарлауынша, Роналдудың өзі ескерткіштің ашылуына қатыспаған. Есесіне желідегілер жаңа мүсіннің бұрынғымен салыстырғанда әлдеқайда сәтті шыққанын жарыса жазып, пікір білдірген.

Жіберіп алмаңыз:

Спортшы қарсыласын нокаутқа түсіріп, оның денсаулығы үшін құдайға жалбарынды (видео)

Үндістанда ұйымдастырушылар қазақ әнұранын тағы шатыстырып алды

Альварес шіркеуде «шындығын» айтты: Головкинге қарсы реванш өткізуге қорқамын

Арайлым Бегділдә бокстан әлем чемпионы атанды (фото,видео)

 

Талқылау