Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйгілі хоккейшінің отбасы Астанадан қараусыз қалған жануарларды алып кетті

“Барыс” хоккей клубының ойыншысы Кевин Даллмэн мен оның әйелі Стейси Астанадағы жануарлар орталығынан бірнеше итті асырап алды.

17438920_482399535483176_2516388589600768000_n2

Бұл туралы Инстаграмдағы asenka_astana парақшасы жариялады. “Асенька” орталығының еріктілерінің айтуынша, олардағы екі ит Канадаға аттанған.

Алайда Даллмэнның отбасы Астанадан жеті жануар – үш ит пен төрт мысық алып кеткен.

17438549_1876841942574234_3291346031492464640_n

Белгілі жануарларды қорғаушы болып істейтін Стейси желіде жануарларды қалай қыдыртып жүргенін де жариялаған. Ол Ниагара сарқырамасы ауданында жануарларға жаңа қожайын іздейтінін де айтыпты.

Талқылау