Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйгілі Гарвард университетінде “бас имам” қызметі пайда болды

5 шілдеден бастап жоғары элиталы Гарвард университетінде (АҚШ) ресми имам өз қызметін бастайды.

Students listen to then national anthem prior to US President Barack Obama's delivering of the commencement address on May 21, 2012 at Missouri Southern State University in Joplin, Missouri. AFP PHOTO/Mandel NGAN

Бұл туралы ummet.kz хабарлайды.

Осы күнге дейін Гарвард университетінің мұсылман жастарын өздері білім алатын оқу корпусында құлшылық жасауға мүмкіндік алып, белсенді студенттің бірі жетекшілік ететін Гарвард ислам қауымдастығына ие болып келген болатын. Алайда, енді оқу орны басшылығы тағы да жаңа қадам жасап, ресми мәртебесі бар өзге діндермен қатар Исламды да лайықты дәрежеде мойындау керек деген шешім қабылдаған.

Халил Абдур-Рашид осы университеттің имамы қызметіне тағайындалған және ол бұл қызметі үшін оқу орнынан еңбекақы да алады. Ол университеттегі құлшылық рәсімдеріне және діни мазмұндағы сауалдарға жауап береді.

Халил бұған дейін де ұзақ уақыт исламтанушы-профессор ретінде университетпен бірлесіп жұмыс істеген және Америка ислам ғылыми семинарының негізін қалаушылардың бірі саналады.

Имам-профессордың дәстүрлі ислами және зайырлы білімі бар. Ол Джордж және Колумбия университетінің бакалаврын оқыған. Діни білімді Йеменнің Тарим қаласында оқып, ижаза алған, сондай-ақ, Стамбулдағы ISAR ислам орталығында білім жетілдірген. Ағылшын тілімен қоса араб, түрік тілдерін еркін меңгерген.

Оқи отырыңыз:

Оқушы қыз бұрынғы жігітімен жүре бастаған қызға химиялық қышқыл құйып жіберді

Трамптың шешімімен биыл Ақ үйде Ораза айтқа орай қонақасы берілмейді

Британдық газет Астананы Сингапурге теңеп жазды

Түркияда мектеп оқулықтарынан Дарвиннің эволюция теориясын алып тастады

Талқылау