Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйгілі “Apple” компаниясы қарызға белшеден батты

Әйгілі “Apple” компаниясы қарызға белшеден батты! Еурокомиссия корпорациядан жылдар бойы жалтарып келген салықтарын қайтаруды талап етуде, – деп хабарлайды КТК арнасы.

image

Америкалық компания Ирландияда салықты дұрыс төлемей келген көрінеді. Бұл елдің билігі де үздік смартфон өндірушілерге заңсыз жеңілдіктер жасап келген екен. Яғни, “Apple” төлеген ұжымдық салық 12,5 пайыздың орнына, бар-жоғы 2 пайызды құрапты.

Есептей келе, Брюссель “Apple-дің” төленбеген салығын 13 миллион еуроға бағалап отыр. Ал Ирландия билігі компанияға ешқандай жеңілдік жасалмағанын алға тартуда. Сондықтан, Брюссельдің шешіміне түбегейлі қарсы. Дегенмен Еурокомиссия бұл жағдайды 3 жыл бойы жіті тексерген екен.

Талқылау