Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да студенттің өліміне қатысты сот ісінде түсінбеушілік туындады

Сот отырысында 18 жастағы Әйгерім Оспанбекованың өліміне айыпталған Әлішер Арғынбековтың қорғаушысы келтірген мәлімет бойынша қылмысқа үш адамның қатысы болуы мүмкін деген болжам жоққа шығарылды.

photo_185376 (1)

Бұл туралы ОҚО ІІД хабарлайды.

Бұған дейін сот отырысында Арғынбековтың адвокаты қылмысқа тағы үш адамның қатысы барын айтқан болатын.

«Айыпталушы Арғынбеков әуел бастан-ақ бұл істе тағы үш адамның барын айтқан болатын. Олар көліктен ақшасын төлемей, Арғынбековтың орнына қыздың ұялы телефонын беріп, кейін ақшасын төлеген соң алып кететінін айтқан. Бірақ сол күйі келмеген. Ол тіпті үш адамның аты-жөнін, туған жылын айтып берді. Алайда, мұның ешқайсысы тексерілген жоқ. Егер менің қорғалушымды қамауға алу туралы шешім шықса, оларды табу қиынға түседі. Сондықтан қолхат арқылы босатуға немесе үйқамаққа алуға шешім шығаруыңызды сұраймын», – деген еді қорғаушы.

Алайда, сот айыпталушыны тергеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты тағы екі айға қамауға алды.

Кейін сот отырысында адвокаттан Оспанбекованың өліміне үш жігіттің кінәлі екенін дәлелдеп беруді сұраған. Алайда, адвокат бұл туралы ешқандай қосымша ақпарат жоқ екенін айтты. Айғақ болмағандықтан Әйгерімнің өліміне Әлішер Арғынбеков қана күдікті ретінде қалды. Осы іске қатысты тергеу жұмыстары бір айдың ішінде аяқталуы тиіс.

Айта кетейік, Шымкентте студент қыз жоғалып кетіп, кейіннен өлі денесі табылған еді. Жоғалған қызды көрген куәгердің табыланын хабарлаған едік. Студент қыздың өліміне тағы үш адамның қатысы болуы мүмкін екенін хабарлаған едік. ОҚО ІІД-де жоғалып кетіп мәйіті табылған Әйгерімнің  азапты өлімі жайлы толық  айтылған болатын.

Талқылау