Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйгерім Қалаубаева қызының бейнебаяндағы рөлді сәтті орындағанын айтып мақтанды

Әнші Әйгерім Қалаубаева өзінің бейнебаянына түскен қызының талантын жоғары бағалады.

19050546_300212460403262_3621672352774881280_n

Сурет: Әйгерім Қалаубаеваның жеке парақшасынан

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Жуырда Әйгерім Қалаубаева мен Ернар Айдар қуыршақтар туралы бейнебаяндарын тыңдармандарына ұсынған болатын. Аталған туындыда басты рөлді Әйгерім Қалаубаеваның қызы сомдаған екен. Әнші қызының актерлік шеберлігін жоғары бағалады.

“Бейнебаян түсіретін кезде “Осы қызбен қиналып қалар ма екенмін?! Басқа актриса қыздарды таңдасам ба екен?” деп ойладым. Бір шетінен өзге баланың қолынан келген рөлді менің де қызым сомдай алатындай болып көрінді. Оның үстіне түсірілім кезінде біреудің баласын ұрысып бағындыра алмауың мүмкін. Ал өз қызымның табиғатын, мінезін, оны қалай ұстауым керектігін, қай жерде жіберіп, қай жерде тартып қалу керектігін, қай кезде еркелетіп, қай кезде жылату керектігін білемін. Тіпті, қандай сөз айтсаң, жылайтынына дейін білемін. Әрине, кадрда жылайтын жерлері болмады. Бірақ, қызым ішкі көңіл-күйді жеткізу жағынан өз ісін 80%-ға дұрыс атқарды деп ойлаймын”, – дейді Әйгерім Қалаубаева.


Жіберіп алмаңыз:

Досы: Димаштың өз ісіне көңілі толған кез болмаған

Ерке Есмаханға астаналық жігіті отбасын құруға ұсыныс білдірген

Талғат Жорабев ер адамдардың келіншектері босанғанда серіктес болуына қарсы шықты

Зарина Омарова артық салмақтан арылу туралы кітап жазып жатыр

Талқылау