Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгілі журналист Әйгерім Сейфолла денсаулығында кінарат пайда болғанын айтты

Отандық арналардың бірінде “Сырласу” бағдарламасын жүргізетін танымал журналист Әйгерім Әбілдина өзінің жүкті емес екенін айтты. Осы уақытқа дейін желі қолданушылары оның артық салмақ қосқанын байқап, жүктілігімен құттықтаған болатын.

image

Фото: instagram.com/abildina_aigerim/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Елімізге танымал журналист Әйгерім Әбілдинаны желі қолданушылары жүктілігімен құттықтап, ақ тілектерін жаудырған болатын. Журналист өкінішке орай бар болғаны артық салмақ қосып алғанын айтты. Ол денсаулығындағы кінәратқа байланысты перзент сүйе алмай жүр екен.

“Айналайын менің достарым,оқырмандарым, кейінгі уақытта маған құтты болсын айтып хабарласушылар, сосын инста-парақшама “аман-есен жаныңыз қалсын, жүкті екенсіз, сізде ұл болады бұл жолы” деп тілек қалдырушылар көбейді. Рас, бір жылдың көлемінде салмақ қосып толыса бастадым. Бірақ, мен өкінішке қарай жүкті емеспін. Денсаулығымда бір кінарат болып, гормондық өзгерістерге ұшырағандықтан 5-6 кг қостым. Сұңғақ бойлы болмағандықтан қосқан салмақ бірден көзге көрінеді. Алла жазса, алдағы уақытта бəрі жақсы болады жəне қайта қалпыма келемін”, – деп желі қолданушыларына алғыс айтты.

Бұл жаңалықты естіген желі қолданушылары мұңайып қалған-ды. Арасында “Ең бастысы аман болыңыз”, “Алла шипасын берсе, бәрі жақсы болар”, “Сауығып кетіңіз” деп қолдау көрсеткендер де бар. Кейбірі журналистің сұрақты тікесінен қоятынын айтып сынап алған.


Оқи отырыңыз:

Аша Матай: Ырымымызға сай сәбиіміздің есімін алдын ала атамайтын болдық

Желі қолданушылары Аша Матайды жүктілігімен құттықтап жатыр

Әнші Рано Омарова тұңғышын дүниеге әкелді

Рано Омарова: Ана болу бақытын сөзбен жеткізе алмаймын

Талқылау