Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айға қыдырып барып қайтатын туристердің ұшатын уақыты белгілі болды

Америкалық SpaceX ғарыш компаниясы 2018 жылы Айдың айналасына екі туристі жіберуге ынта танытып отыр.

spacewalk

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

“Біз екі азаматтың Айға сапар жасау туралы SpaceX-пен келіссөз жүргізгені туралы қуана хабарлаймыз. Олар алдын-ала төлемді де жасап қойды”, – делінген компанияның баспасөз мәлімдемесінде.

Компания хабарынша, мұндай ұшу сапарына қызығушылық танытып отырған басқа да адамдар бар екен. SpaceX бұл ретте қаржылық қолдау үшін НАСА ғарыш агенттігіне алғыс білдірген. Бұл қаржылық қолдау олардың Falcon ауыр зымыран тасығышымен қатар қолданылатын Dragon 2 ғарыш кемесін құрастыруына мүмкіндік берген.

Болашақта мұндай ұшу сапарын жылына төртеуін ұйымдастыру жоспарлануда. Ғарыш туристері Флоридадағы Канаверал мүйісінен ұшырылмақ.

“Бұл адамдар үшін 45 жылда алғаш рет алыс ғарышқа оралуға мүмкіндік береді. Және олар Күн жүйесі бойынша жылдам саяхаттай алады”, – делінген хабарламада.

Жердің табиғи серігі Айға дейінгі қашықтық орташа 384 467 шақырымды құрайды. Қазіргі дейін адамдардың жердің тартылыс күші аумағынан шығып және жерге жақын орбитаны тастап шығуы америкалық “Аполлон” бағдарламасы арқылы мүмкін болған еді.

1969-1972 жылдары америкалық астроновтар алты мәрте Айға табан тигізіп, қайта жерге оралған еді.

Оқи отырыңыз:

Бай араб туристері аң-құсты аяусыз қырып жергілікті халықты шошытты (фото, видео)

Өлім оқиғасы болардан бірнеше секунд бұрын ғана түсірілген суреттер (фото)

Модель керемет жерлерде жануарлармен бірге сексуалды суретке түсіп жүр (фото)

ДАИШ-тың 100 содырын өлтірген студент қыздың басы үшін 1 млн доллар тағайындалды (фото)

Талқылау