Айгүл Иманбаеваның бояусыз түскен суреті желіде қызу талқыға түсті

Айгүл Иманбаева жасандылыққа қарсы шықты. Актриса әрі әнші бояусыз түскен суретін жариялап, желідегі оқырмандарына жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

айгүл иманбаева
Иманбаева өзін өзге кейіпте көрсеткісі келетін әйелдерді түсінбейді. Дәл осы себепті Айгүл макияжсыз түскен суреттерін жиі жариялайды екен.

“Шынайы келбетім. Бүгін Оралдан Астанаға ұшып бара жатып, жолда боянғанды ұнатпайтынымды ойладым. Өзін басқа адам ретінде көрсететін адамдарды ешқашан түсінбейтінмін. Меніңше, әйел жақын адамдарына, бірінші кезекте өзіне шынайы болуы керек. Дәл осы себепті мен бояусыз түскен суреттерімді желіге жиі жүктеймін. Мен оқырмандарым мен фанаттарыма басқалар сияқты адам екенімді көрсеткім келеді. Мен де шынайы адаммын, барым осы”, – дейді Айгүл Иманбаева.

Бұл ретте желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Олардың бір тобы шынайылықты жақтап, Айгүлге қолдау білдірсе, екіншілері актрисаның қартайып баратынын айтты.

“Алланың жаратқан табиғи бейнесін ешкімнің жаман деп айтуға құқы жоқ”, – дейді оқырмандардың бірі.
“Мен, Баян Алагөзованың қартайтып түсірген ба деп қалдым, әншілердің сұлулығына еліктеуші едік, бұдан кейін еліктемей-ақ қойған дұрыс екен”, – деп ренішін білдірді келесі желі қолданушысы.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар