Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айгүл Иманбаева мен Жанар Айжанова құдағи атанбақ па?

Димаш Құдайбергеннің құрметіне шығарылған шайды таныстыру шарасында Айгүл Иманбаеваның ұлы мен Жанар Айжанованың қызы бірден жұрттың назарына түсіп, қызығушылығын тудырды. Оған Иманбаеваның екеуінің құшақтасып түскен суретін жариялағаны себеп болды, деп жазады Stan.kz.

Айгүл Иманбаева мен Жанар Айжанова құдағи атанбақ па?

Әнші Айгүл Иманбаева Instagram-парақшасында ұлы Асылжанның Жанар Айжанованың қызы Айжұлдызбен құшақтасып түскен суретін жариялаған.

Артынша желіде екеуінің Жанар Айжанованың көзінше құшақтасып тұрған видеосы пайда болды.

«Құдай-ау, кімді көріп тұрмын. Бересіз бе рұқсатыңызды?». – дейді кадр сыртында Айгүл Жанар Айжановаға.

Өз кезегінде Айжанова бұл сауалға «жоқ» деп жауап берді.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Айгуль ИⓂ️анбаева 🇰🇿 (@aigul_imanbayeva_official)

Ал желі қолданушылары Асылжан мен Айжұлдыздың жарасымды жұп екенін айтып, араларында сезім бар деп топшылап жатыр.

«Айгүл мен Жанар өте тамаша қыздар ғой. Бір-бірімен ойнап-күліп жүреді. Ал балалары да қосылса, олар да солай жүреді деп ойлаймын», «Құдай қосып, құда-құдағи болсын», «Сіздер тамаша жансыздар. Егер бұл шын болса, керемет болар еді. Бақыт тілеймін», – дейді желі қолданушылары.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау