Айгүл Иманбаева маталар дүкенін ашты

Бейсенбі, 11 Тамыз , 2016 16:45

Танымал актриса, әнші Айгүл Иманбаева «бизнес-ледиге» айналды. Нақтырақ айтсақ, халықтың сүйікті қызы Астана қаласында маталар дүкенін ашып, жұртшылықтан сүйінші сұрады.

Screenshot_2

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Қайырлы күн достар! Сіздермен бір қуанышты жаңалығымды бөліскім келіп отыр. Осы жазда елордаға қоныс аударған болатынмын. Бас қаламызда көптен бері ойланып, сəтін күтіп жүрген жоспарым бір жолға қойылып отыр. Қазақ елі ежелден талғам мəдениеті жоғары халық. Осы ретте, Қазақстанда теңдессіз Астанада ашылған “REAL LIFE” маталар дүкенімде екі мыңнан астам Еуропаның үздік мата топтамаларын ұсынып отырмын», – деп жазды ол өзінің Инстаграмдағы парақшасында.

Сонымен қатар, Иманбаева өз дүкенінің әлемнің алдыңғы қатарлы эксклюзивті қолданбалы маталары мен обой-маталарын мейлінше қолжетімді бағада ұсынатынын атап өтті.

Қайырлы күн достар!☺ Сіздермен бір қуанышты жаңалығыммен бөліскім келіп отыр. Осы жазда Елордаға қоныс аударған болатынмын. Бас қаламызда көптен бері ойланып, сəтін күтіп жүрген жоспарым бір жолға қойылып отыр. Қазақ елі ежелден талғам мəдениеті жоғары халық. Осы ретте,Қазақстанда теңдессіз Астанада ашылған “REAL LIFE” маталар дүкенімде екі мыңнан астам Еуропаның үздік мата топтамаларын ұсынып отырмын. Бұл Отанымызда алғаш рет. “REAL LIFE” @real_life_decor_ai сіздеге Əлемнің алдыңғы қатарлы эксклюзивті қолданбалы маталары мен обой-маталарын, қарапайым тұтынушыға қол жетімді бағамен ұсынады. Сіздердің талғам-таразыларыңыз менің дүкенімнен табылатынына сенімдімін! Біздің мекен-жай: Астана қ Сығанақ к-сі 14/1, ВП1 ж/к “Еуропа палас” instagram: @real_life_decor_ai @real_life_decor_ai ✔Добрый день,дорогие друзья! Спешу поделиться с вами своей радостной вестью! Этим летом я переехала в нашу столицу! И именно здесь осуществила свой грандиозный проект! Знакомьтесь, это REAL LIFE!!! Впервые в Казахстане , в нашей прекрасной столице Астане, открылся не имеющий аналогов магазин лучших, эксклюзивных тканей для интерьера и не только,из Европы. Только у нас-самые новые коллекции и самые низкие цены в мире! Наши ткани может позволить себе каждый из вас! Я уверена, что вы найдёте здесь то, что искали и вернетесь к нам не один раз!!! @real_life_decor_ai

Видео опубликовано Айгуль Иманбаева (@aigul_imanbaeva)

Желі қолданушылары өз кезегінде кәсіпкер актрисаның жаңа бастамасына қолдау білдірді.
«Құтты болсын. Сiздiң бойыңыздағы күш-жiгер таусылмасын. Армандаған армандарыңыз орындала берсiн. Сiздiң бойыңыздағы батылдық пен еңбекқорлыққа қызыға қараймын. Сiз бақыттысыз», – деп Жанар есімді желі қолданушысы ақ тілегін жолдаса, Нұрсұлу есімді тыңдарман: «Керемет! Талабыңыз оң болсын! Астанада осындай маталар сататын маталар дүкені болса ғой деп ойлайтын едім. Қуаныштымын, енді сіздің дүкенге барып тұрамыз!» – деп уәде етті.

Біз де өз тарапымыздан Иманбаеваның бастаған ісіне сәтілік тілейміз!

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар