Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айгүл Иманбаева ескі көйлектерін сатып жүр (фото)

Айгүл Иманбаева ескі сахналық көйлектерін сатылымға шығарды. Осылайша актриса гардеробта орын алып тұрған ескі-құсқы киімдерден құтылып әрі қалтасын қалыңдатудың жолын тапты.

18380613_144611902746663_1887636640533315584_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Құрметті менің оқырмандарым! Сахнаның адамы болған соң көйлекті арнайы көп тіктіреміз. Бірақ 3-4 рет киген соң бәрі гардеробта тұрады. Менің көмекші қыздарым сол көйлектерді сатылымға шығаруымды өтінді. Тәуекел деп 50,60% жеңілдікпен шығардым сатылымға”, – деп жазды Айгүл Иманбаева.

Желі оқырмандарының арасында Иманбаеваны қолдап, ісіне сәттілік тілегендер де, бұл ісінен ұятты нәрсе көргендер де табылды.

“Не көрінді киілген көйлекті сатып? Одан да жағдайы төмен, көпбалалы анаға бермей ме?”, “Әр қалаға бір көйлектен сыйға берсеңіз болар еді”, “Ол көйлекті сатып, ақшасын не істейсіз? Сол қызық боп тұрғаны, науқас балаларға немесе жағдайы жоқ адамдарға берсеңіз сауап болатын”, “Мен алмас едім біреудің көйлегін”, “Артық болса, жетім-жесірге беріңіз”, – деп сынады желідегілер.

Жіберіп алмаңыз:

 Салтанат Қалиева көп балалы ана үшін жұрттан көмек сұрады

Ақбота Керімбекова күйеуімен бал айын өткізуге шетелге кетті

Сәкен Майғазиев: Димаштың әлем әншісі болатынын білгенде, сэлфиді өзім-ақ жасар едім

Димаш қытай асханасын жақсы көріп қалғанын айтты

Талқылау