Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовты басшылық қызметімен құттықтады

Айгүл Иманбаева Сәбит Әбдіхалықовты жаңа басшылық қызметіне келуімен құттықтады.

“Мұхтар Әуезов атындағы Академиялық драма театрының Директоры болып Актер,Режиссер Сәбит Абдықалықов тағайындалды! Сәбит жаңа қызметіңе сәттілік тілеймін! Сен бұған дейін де үлкен ұжымжарды басқарған азаматсын! Саған тек денсаулық тілеймін! Жаңа ісіңе Алла абырой берсін!Биіктерден көріне бер! Өнерге адал қызмет ете алатын жансын! Тек сәттілік серігің болсын!!”, – деп жазды Инстаграм парақшасында.

Иманбаева Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына басшылық қызметке келген Азамат Сатыбалдыны да құттықтап, ақжарма тілегін айтты.

“Ғабит Мүсірепов атындағы академиялық жастар мен жасөспірімдер театрының директоры болып белгілі Актер Азамат Сатыбалды тағайындалды! Азконтик жаным қызметің құтты болсын! Сен қашанда жаның таза, еңбекқор, ақылды, кімнің қуанышы,жетістігі болсын шын жүрегіңмен қуанатын жансың! Алла осы абыройыңнан айырмасын! Сен үлкен ұжымды басқара алатын,өнерге шын жанашыр азаматсын! Сендей жігіттің мұндай қызметке келуі заңдылық. Алдағы барлық ісіңе сәттілік!!! Мен сенің тілекшіңмін Досым”, – деп жазды әнші.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау