Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Аэрофлот» стюардессалары өздерін семіз, кәрі деп кемсіткен басшыларын сотқа берді

 «Аэрофлот» стюардессалары әуе компаниясының ішкі саясатына қарсылықтарын білдіріп сотқа шағым түсірді. Олар жұмыс берушінің  жолсерктерді сыртқы келбетіне, салмағы мен жасына қарай кемсітеді деген уәж айтқан.

стюард

Олардың сөзінше компания соңғы уақытта 40 жастан асқан әрі киім өлшемі 46 размерден үлкен стюардессаларды жұмыстан шығара бастаған,-деп жазды  «Азаттық радиосы».

 2010 жылдан бері осы компанияда жұмыс істеген Евгения Магурина  осыған дейін аға жолсерік болып қызмет атқарған, Тек сыртқы рейстерге шығып басшылар тарапынан тек алғыс алып жүрген. Бірақ, ойламаған жерден жаздан бастап барлығы қиындай бастапты.

«Бізге жиналыс кезінде «Аэрофлотта» енді  сыртқы рейстерге жас әрі арық қыздар ғана шығады деді. Бәрімізді таразыға өлшеп, киім өлшеміміз тексерілді. Ол кезде стюардессаларға жаңа киім тігіліп жатыр деп сендірді. Жасы 40 тан, өлшемі 46-дан асқандар сыртқы рейстерге шығарылмайтын болды»,- дейді әйел.

«Жаңа талаптарға сай көрінгісі келген стюардессалар өздеріне айлап аштық жариялады. Тіпті аштықтан бастары айланып құлағандары болды. Олар салмақ тастағанымен басшылық «Түрің келмейді, кәрісің. Сондықтан Америкаға немесе  Доминиканаға ұшпайсың»деген. Кей стюардессаларды жұмыстан айдаудың амалы ретінде жұмыс уақытын қысқартып тастаған»,-дейді  «Аэрофлот» компаниясында жұмыс істеген стюардессалардың бірі

Оқи отырыңыз:

Димаш Құдайбергеновтың әкесі қызметтік мансабын тастады

Димаш Құдайберген танымал көлік брэндінің жарнамасына түсті (фото)

Ғани Қасымов: Димаш бұдан былай қазақ әншісі емес

Димаш пандалармен кездескен әлемдегі бірінші елші атанды (фото, видео)

 

 

 

 

Талқылау