Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелінен жалыққан америкалық түрмеде демалу үшін банк тонаған

АҚШ-тың Канзас штатында 70 жастағы ер адам банкке қаруымен келген, деп жазады шетелдік БАҚ.

899

Лоуренс Джон Риппл кассирге келіп кассадағы барлық ақшаны беруді талап еткен. Банк қызметкері сол мезетте-ақ құқық қорғау органдарын шақырады.

Оқиға орнына келген полицияға ол бұндай қадамға ақша үшін емес, әйелі үшін барғанын айтады. Оның сөзіне қарағанда, ол түрмеде әйелінен демалмақ болған.

Әзірге ер адам сот шешімін күтуде. Америкалық БАҚ хабарлауынша, ер адамның «арманы» орындалып, ол жазасын түрмеде өтейтін болады.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағанды облысының үш тұрғыны банк тонамақ болды

Алматы облысында бірнеше рет банкомат терминалдары тоналған

Оралда белгісіз біреу ер адамның 37 млн-ға жуық теңгесін тонап кеткен

Талқылау