Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйеліне бір шабадан ақша қалдырып жоғалып кеткен ер адам басқа қаладан ес-түссіз күйде табылды

Шотландия полициясы Италияда жоғалып кеткен Сальваторе Манниноны тапты. Бұған дейін ер адам әйеліне бір шабадан ақша мен құпия хат қалдырып, хабар-ошарсыз кеткен.

Әйеліне бір шабадан ақша қалдырып жоғалып кеткен ер адам басқа қаладан ес-түссіз күйде табылды

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Сальваторе Маннино Әулие Эгидия соборының маңында өзін нашар сезініп, жергілікті ауруханаға жеткізілген. Сол жерде ер адамның құжаттары жоқ екені және ағылшын тілін онша білмейтіні анықталады. Ауруханаға келген полицейлерге ер адам есін жоғалтқанын және өзінің кім екенін білмейтінін айтқан.

Шотландия полициясы ер адамның туыстарын іздестіре бастаған. нәтижесінде жақындары бір айдан кейін Италиядан табылды.

Анықталғандай, ер адам жоғалып кетерінің алдында отбасына ішінде 12 мың доллар көлемінде ақша бар шабадан, ұялы телефон және хат қалдырған. Хатты оның кешірім сұрайтыны жазылыпты. Сальваторенің әйелі мен ұлы шұғыл түрде Эдинбургке ұшып келген. Алайда ер адам әйелі мен ұлын танымады.

Әйеліне бір шабадан ақша қалдырып жоғалып кеткен ер адам басқа қаладан ес-түссіз күйде табылды

Артынша ер адамның Эдинбургтегі ауа райы туралы біліп, із-түзсіз жоғалып кетудің әдістерін іздегені анықталды. Нұсқалардың бірін бойынша, Сальваторе жергілікті қытайлық мафиямен байланысып, қашуға мәжбүр болған. Десе де оның әйелі мұндай болжамға сенбей отыр.

Қазіргі уақытта ер адам Пизадағы психиатриялық ауруханаға жіберілді. Алайда дәрігерлер де оған не болғанын түсіндіре алмады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау