Әйелін пышақтаған Шымкент тұрғыны әлеуметтік желіде видео мәлімдеме жасады

Сейсенбі, 14 Қараша , 2017 17:15

Шымкентте ер адам бұрынғы әйелін пышақтап тастаған. Содан кейін өз кінәсін толық мойындап, видеоға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы таратып жіберген.

Бұл туралы Otyrar.kz басылымы жазды.

Сорақысы сол, бұл азамат бейнежазбада осы әрекетін күнә емес, керісінше, Алланың жолындағы міндетім деп мәлімеде қалдырған. Ал ауыр жарақат алған азаматшаның туыстары күйеу баласының айтып отырған айыптауымен келіспейді.

Айтуларынша, екі баланың анасы ешқандай жат ағымға кірмеген. Қазір пышақ жарақатын алған келіншек ауыр халде жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер әйелдің өмірімен күресуде. Бейресми мәліметтер бойынша күдікті азамат қамауға алынған. Бірақ бұл ақпаратты ІІД баспасөз қызметі растамады.

“Қызым ешқандай жат ағымға кірмеген. Қайта күйеу балам сектаға кіріп кеткен сияқты. Сақалын, шашын жалбыратып өсіріп алады. Қызымды ұрып-соғып келген. Екеуі бес ай бұрын ажырасып кеткен. Сонда да күйеу балам тыныштық бермеген. Ақыр соңы пышақтап кетті. Әділ жазасын алсын”, — дейді жәбірленушінің анасы Сандықыз Жақсылықова.


Жіберіп алмаңыз:

Ресейде жол көлік апатына түскен қазақстандықтар автобуста тұрып жатыр (фото)

Дәрігерлер басына 2 оқ қадалған көкшетаулықты аман алып қалды (фото)

Оралда саунаның төбесіне шығып ойран салған қызды арқанмен байлап түсірді

Қостанай облысында 20 келі көмір ұрлаған әйелді соттады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар