Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелін өртеген Сәдуовқа өтемақы төлеу үшін түрмеде жұмыс табылмай тұр

Әйелін тірідей өртеп жіберген Қанат Сәдуовтың жетім қалған ұл-қыздары өтемақысыз қалуы мүмкін. Яғни түрмеде отырған қаскөйге жұмыс істеп ақша табуға мүмкіндік болмай тұр,-деп жазды КТК арнасы.

өлтірді

Өйткені абақтыда Сәдуов секілді өтемақы төлеуі тиіс жазасын өтеушілер көп. Сондықтан жұмыс әзірге солардан артылмай тұр. Айта кетейік, марқұм Светлана Сәдуованың үлкен ұлы мен туыстары жазасын өтеушіден материалдық өтемақы талап етіп, арыз жазған болатын. Сот олардың шағымын қолдап, Қанат Сәдуовке 11 миллион теңге төлеуді міндеттеді.

Бұл қаржы астаналық ұстаздың артында қалған төрт баласы мен туғандарына моральдық шығын ретінде үлестіріледі. Бірақ әйелін бензин құйып өртеп жіберген азаматқа жұмыс табылмай тұрғанына қарағанда, өтемақы жақын арада төленбейтін сияқты.

Талқылау