Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелін мектептің алдында соққыға жыққан азамат психиатрлардан көмек сұрады

39 жастағы Ербол Сазанбеков әйелін мектептің алдында аяусыз соққыға жыққан. Бұдан кейін әйелі 4 баласымен бірге Семейге кетіп қалған екен. Ол енді отбасын қалай қайтарарын білмей жүр. Осы орайда барша қазақстандық мамандардан көмек сұрады.

пи

Бұл туралы «Айтуға оңай» бағдарламасында айтылды.

«Мен жуалының жігітімін. Құдайға шүкір, бала-шағам бар. Балаларымның алды 9-сыныпта оқиды. Екінші ұлым 6-сыныпта оқиды. Одан кейін екі қызым бар. Барлығының сабағы жақсы, беске оқиды. Әйелім жақсы. Кеше көңілін қалдырып, мектептің алдында ұрдым. Сағат он екі жарым шамасында ауыл клубына екі кішкене қызым кеткен. Тамақтарын ысытып, шайын қойып күтіп отырсам келмеді. Әйеліме хабарласып, бала-шаға туралы сұрадым. Ол 15 минут бұрын шығып кеткенін айтты. Сағат бірге он минут қалған кезде екінші балам келді. Қолында қызым Алтынайдың сөмкесі бар. Сөмкені қарама-қарсы үйде тұратын көршіміз Жансаядан алған екен. «Алтынай реферат шығаруға кеткен болатын. Кәусар есінен шығып кетіпті» деп ақталды. «Неге мені алдайсың? Бағана хабарласқанымда 15 минут бұрын шығып кеткенін айттың емес пе? Қызым неге көршінің үйіне барып, артынша саған қоңырау шалады? Қазір мен барып, саған қорыққанды көрсетемін» дедім.

Ұрғаным үшін өкінемін. Бірақ қателік жасадым деп ойламаймын. Мен айтқан сөзімде тұрамын. Мұны әйелім жақсы біледі. 20 минут бойы олар мені күтті. Әйелім алдыма шыққанда «Сиыр сипағанды білмейді. Не істеп жүрсің?» деп бір ұрдым. 20 жыл ішінде оның көзін бақырайтқанын көрген емеспін. Ол түр маған ұнамады. Күртемді жібермей қойған соң баспен бір ұрып кетіп қалдым. Бір уақытта үш әйел жүгіріп шығып айқайлады. Оларды да боқтап кеттім. Ұжымдарында тек әйелдер жұмыс істейді. Үлкені шығып, мәселемізді үйде шешуге кеңес беруіне болады ғой. Оның үстіне менің жынданып тұрғанымды біледі. Қазір жұртқа көмектескеннен, біреудің қайғысына күлген ұнайтын сияқты. Әйелім де ақымақ деп ойлаймын. Менің ұрам деп келгенімді біліп тұр. Менімен басқаша сөйлесуіне болады ғой.

Оңайлықпен сабырлық таныта алмаймын. Осы жерге сол үшін келіп отырмын. Бала-шағамның бақытты болғанын қалаймын. Соларды жақсылап тәрбиелеп, мықты азамат етіп өсіргім келеді. 1978 жылғымын. Қазір 39 жаста болсам да, өте қызба мінездімін. Мен отбасымды сақтап қалуым керек. Оларсыз өмір сүре алмаймын. Мен әйелімді күніге ұра беретіндей жынды емеспін. Ұрмағаныма 4-5 жыл болған еді. Осының салдарынан ол қорқудың не екенін ұмытып қалған. Апта сайын ұрып тұрсам, қорқынышын жоғалтпас еді. Қазір кетіп қалмас еді. 20 жыл ішінде бірінші рет кетіп тұр. Қазір ол Семейде төрт баласымен үйде жатыр», – деп түсіндірді Ербол Сазанбеков басынан өткен оқиғасын.

Бағдарлама барасында азамат жүргізушіге сөз бермей, өз пікірін толық айтпайынша тынышталмайтынын айтты. Ал Бейсен Құранбек өз кезегінде оған бұдан былай әйелін ұрмауға кеңес берді. Айгүл Әбиятова есімді психиатрға тегін жолдама алып берді. Әзірге азаматтың отбасындағы жанжал қалай шешілгені белгісіз. Десе де, ол отбасынсыз өмір сүре алмайтынын айтып отыр.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Жандарбек Бұлғақов әйелді артық салмақтан арылтудың оңтайлы тәсілін айтты

Бақытты азаматтар әйелін ұратын жігіттерге кеңес берді

Жандарбек Бұлғақов: Еркектер серіктес болып босануды көтере алмайды

Түркістандық азамат көңілдесінен бала туған әйелін кешірмек

Талқылау