Әйелін арқалап жүгіруден өткен чемпионат даумен аяқталды

Сейсенбі, 24 Мамыр , 2016 0:06

Қазақстанда алғаш рет өткізілген отбасылық жүгірудің соңы отбасылық дауға ұласты. Алматылық тұрғын қатысушылардың арасынан бейтаныс  әйелді арқалаған өз күйеуін байқаған. Қатысушының жұбайы жүргізген тексеруінің нәтижесінде бақталасының байқауға өзінің атынан қатысқанын анықтады. Енді бұл оқиғаның арты сотқа ұласуы мүмкін, – деп хабарлайды ктк арнасы.

Снимок экрана (4)

Жексенбі күні өткен әйелін арқалап жүгіру Қазақстанда кеңінен танылды. Әрине, Халықаралық отбасы күніне байланысты өткізілген мұндай байқау мемлекетте бірінші рет ұйымдастырылды. Алматылық Татьяна Голубева байқауға қатыспаса да, тамашалаудан бас тартпаған. Алайда отбасылық құндылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауда Татьяна үшін құндылықтың күл-паршасы шықты: марафоннан өз күйеуін көзі шалған. Ал күйеуінің арқасында отырған өзі емес, бөгде әйел еді.

«Әрине, бұл көрініс мені ашындырды. Мені қорлады! Себебі балаларымның әкесі осындай сорақы қылыққа барды. Ұйымдастырушыларға айтқым келетіні: абай болыңыздар, бұл отбасы күні ғой. Ал қатысушылар арасында күйеуім тәрізді арам пиғылды адамдар болуы мүмкін. Біз екі жаққа кеткенсоң орнымды алмастырар адам тапқанын дүйім жұртқа жария етіп, мені масқаралағысы келді», – дейді Татьяна Голубева.

Анықталғандай, бір ай бұрын Голубевтер отбасының шаңырағы шайқалған екен. Соған сәйкес, Татьянаның бұрынғы күйеуі кімді алақанына салса да өз құқы. Бірақ ашынған әйелдің намысына тиген жайт – ұйымдастырушылардың тек отбасыларды байқауға қатысуға жіберіп, барлығының құжаттарын тексергені. Тексеріс экс-күйеудің жаңадан қосылған серігін бұрынғы әйелінің есімімен көрсеткен.

«Біз заңды некеде тұрғанбыз. Демек, ол әлгі бейтаныс әйелді заңды әйел ретінде көрсетіп мемлекетті  түгел алдады. Бұл өтірік! Ол менің құжаттарымды көрсетіп, мен жайлы жеке ақпарат таратуымен мені қорлады», – дейді Татьяна Голубева.

Аруларды алақанға салуды ұнататын азамат әйелдермен дауласпағанды жөн көреді. Сондықтан өзге әйелді арқалап, өз әйелінің құжаттарын пайдаланғанын бірден мойындады.

«Біз куәлігімізді көрсеткенімізбен, олардың анықтауға уақыты болмады. Ұйымдастырушылар тексере алмады, сол себепті олардың кінәсі жоқ. Бұл жерде байқауға қатты қызыққаным себепті өзім қатысуға құлық таныттым. Әйелімді ренжіткім келген жоқ. Бірақ бізің бір шаңырақ астында тұрмағанымызға бір жарым жыл өтті. Ал бір айға жуық уақыт бұрын неке куәлігін алдық, бұрынғы әйеліммен заңды түрде ажырасқанбыз. Сондықтан кімді арқалап жүгірсем де өз еркім», – дейді Владислав Голубев.

Татьяна көктемдік марафонды тоқтатуға бел шеше кіріскен. Ол бұрынғы сүйіктісінің өз атын бұдан да өзге жерлерде пайдалануы мүмкін екендігін айтады. Ашынған әйел өзі туралы жеке мәліметтерді заңсыз қолданғаны үшін шағымданбақ.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар