Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелімен ұрысып қалған ер адам ұшақпен өз үйіне соғылып, қайтыс болды

Американың Юта штатындағы Пейсон қаласының тұрғыны Cessna 525 жеңіл қозғалтқышты ұшағымен үйіне барып соғылды. Ал, сол уақытта үйде оның әйелі мен баласы болған, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Әйелімен ұрысып қалған ұшқыш ұшағымен өз үйіне соғылып өлді (видео)

Полицияның хабарлайынша, жеңіл ұшақты басқарған Дуэйн Юд апат салдарынан қайтыс болды. Ұшақ құлаған кезде үйге де зақым келген. Бірақ, соған қарамастан марқұмның әйелі мен баласы ешқандай зардап шекпеді.

Апатқа ұшыраған ұшақ Дуэйн жұмыс істейтін компаниға тиесілі. Тергеушілер үйіне барып соғылған 47 жастағы америкалық азаматтың тәжірибелі ұшқыш екенін де айтты.

Кейіннен, оның мас күйінде әйеліне шабуыл жасағаны белгілі болды. Ал, олардың жанжалдасып жатқанын көрген куәгерлер полиция шақырған. Әйеліне тап берген ер адам бірден тұтқынға алынғанымен, бірақ біраз уақыттан кейін кепілдікпен босатылып шыққан. Осыдан кейін ол Форк-Спрингвилл әуежайына барып, ұшаққа отырып үйіне қарай бағытталған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау