Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелімен ажырасып тақырға отырған миллионер қаңғыбасқа айналып, жоғалып кетті

Американың Нью-Йорк қаласында үйінен, әйелінен айырылып тақырға отырған миллионер жоғалып кетті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Әйелімен ажырасып тақырға отырған миллионер қаңғыбасқа айналып, жоғалып кетті

Пол Гринуолд хедж-қордың менеджері болғанда көп табыс тапты. Оның әйелі Нью-Йорк университетінің профессоры және танымал аспаздық кітаптың авторы болды.

Миллионердің өміріндегі қиындықтар әйелімен болған жанжалдан кейін басталды. Гринвальд соттың шешіміне қарамастан әйелін аңдып, оны қудалаған. 2009 жылы ол қандай да бір сылтаумен әйелді үйінен шығарып, оған сес көрсетіп айқайлаған. Со кезде әйелге көшедегі жолаушылар араша түсіп, құтқарып қалды.

Гринуолд ол уақытта жұмысынан шығып кеткен, бірақ әлі де қалталы азамат болды. Ол ең арзан нөмірлердің құны тәулігіне 400 доллар тұратын «Уолдорф-Астория» сәнді қонақ үйінде тұрды. Достары да арасында көмек көрсетіп жүрді.

Дегенмен, оның өмірінің аяқ асты тас-талқаны шықты. Миллионер әйеліне шабуыл жасағаннан кейін сот алдында жауап беріп, тіпті судьяның өзін балағаттады.

«Мен түсінуімше, ол бостандыққа шыққысы келмейтінін ашық мәлімдеді», – деп түсіндірді судья.

Мамандардың ұсынысы бойынша ол түрме типіндегі психиатриялық ауруханаға жіберілді. Осы жылдардың ішінде Гринвальд бәрін жоғалтты және соңғы уақыттары Манхэттеннің үйсіз тұрғындарына арналған панасыздардың жерінде тұрды. Өткен аптада ол ауруханаға түсіп, онда екі күн жатқан. Түннің бір уағында ауруханадан кетіп қалған бұрынғы миллионер аяқ асты із-түссіз жоғалып кетті. Қазір оны полиция қызметкерлері іздеуде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау