Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелдің ішін жарып нәрестесін алған америкалық 100 жылға сотталды

Колорадо Соты жүкті әйелдің ішін жарып, сегіз айлық нәрестесін алған 36 жастағы америкалық азаматты 100 жылға соттады.

b8fa7f6c8a0afefddd4f902f8c3f19af__1920x

Фото: life.ru

Тергеу барысында Дайнел Лэйннің бірнеше ай қатарынан аяғының ауыр екенін айтып сүйіктісін алдағаны анықталды. Тіпті жігітін сендіру үшін интернеттен ультрадыбыстар жүктеп отырған.

2015 жылы ол аяғы ауыр Мишель Уилкинсті жүкті әйелдерге арналған киім сатамын деп өз үйіне шақырады. Мишель үйге келген соң пышақпен ішін жарып, сегіз айлық баласын алған.

Куәгерлер сәбидің тірі туылғанын өз көздерімен көрмегендіктен, Сот әйелді сәби өлімі үшін айыптай алмады. Сол себепті Лэйн тек Мишель Уилкинстің өміріне қауіп төндіргені үшін жазаға тартылды.

Әйел Сот процессі кезінде үнсіз қалған. “Лэйн ханым, жиналған жұрт сіздің өз кінәңізді мойындап, қылмысыңыз үшін қатты өкінетініңізді естігісі келеді”, – дейді Сот төрағасы Мария Беркенкоттер.

Лэйннің қорғаушылары орнына жауап беріп, оның үнсіз қалуға құқығы бар екенін айтқан.

Талқылау