Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелдің ер адамға ұнамайтын әрекеттері

Еркек пен әйел – екі бөлек жаратылыс, екі әлем. Әйел адамның мазасын алып, түн ұйқысынан айыратын мәселеге ер адам бей-жай қарап, мән бермеуі мүмкін. Біз, нәзік жандылар, әу бастан әлсіз болып жаралғанбыз. Ал қандай әрекетіміз еркектің ашуына тиеді екен?

76-1476215906-18e2999891

Бұл туралы facebook желісінің Жанұя тыныштығы тобында жарияланды.

1. Біз сүйіктімізге күніне мың рет қоңырау шаламыз. Ер адам жұмыста болса да, оны жұмысынан алаңдататынымызды білсек те, түсінгіміз келмейді. Қоңырау шалғанда, телефонын көтермесе, ашуға булығып, сүйіктімізбен санасудан бас тартамыз. Бұл ісімізді “оған қамқорлық танытып жатырмын” деп ақтап алғымыз келеді. Осы дұрыс па?

 2. Құрбымызбен телефон арқылы сағаттап сөйлесуді ұнатамыз. Сүйіктіміз жанымызда отырғанда, құрбымызбен әр нәрсені бір айтып, телефонмен сөйлесеміз. Бұл қылығымыз ер адамды ренжітеді. Өйткені еркектер үнемі назарда болғанды қатты жақсы көреді.

3. Біз сүйіктіміздің ата-анасын, бауырлары мен достарын әңгіме қылып, керек болса, кемшіліктерін айтудан да тартынбаймыз. Әдетте ер адам ұзақ уақыт бойы шыдап, ұсақ-түйек әңгімеге мән бермеуге тырысады. Бірақ жанына жақын жандар туралы айтқан сөзіміз жүрегіне ауыр тиетіні сөзсіз. Егер ол біздің ата-анамыз туралы жағымсыз пікір айтса ше?

4. Біз көп жылаймыз. Басында көз жасымыз жылт еткенде жаны шығып кете жаздайтын еркек бара-бара еті өліп, кейін тіпті мән бермейтін күйге жетеді. Өйткені жылай береміз.

Тағы да оқыңыз:

Психиолог кеңесі: Күйеуің адал болу үшін не істеу керек

Отыз жасқа дейінгі ер азаматтарға арналған 8 кеңес

Психиолог кеңесі: Күйеуің адал болу үшін не істеу керек

Талқылау