Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелдің денесінен 23 келі болатын ісік алынды

Американың Айдаха штатының тұрғыны салмағының күрт артып кетуіне денесіндегі ісіктің себеп екенін білді.

Әйелдің денесінен 23 келі болатын ісік алынды

Әйелдің денесіндегі ісік ондаған жылдар бойы жүрген.

Бренда Кридленд менопауза әсерінен толып жатырмын деп есептейді. Денсаулығы күрт нашарлап кеткене дәрігерге қаралады. Компьютерлік томографиядан ағзасында үлкен ісік барын көрсетеді. Ол ішкі ағзаларын зақымдап, миға қанның баруына кері әсер ете бастайды.

Қауіпті дертке жатпайтын ісіктің салмағы 23 келі болды. Мамадардың айтуынша, әйел ондаған жылдар бойы эндометриоз – гинекологиялық аурумен ауырды. Бұл дерт салдарынан жатырдың ішкі қабырғаларындағы ішкі қабатының торлары өсе бастайды.

2,5 сағат хирургиялық ота жасалып, әйелдің денесіндегі ісік алынды. Осыдан соң әйелдің салмағы бірден 30 келіге азайып қалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау