Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелдің асырап алған балалары туған бауырлар болып шықты

АҚШ тұрғыны оның қамқорлығына алынған қыздың бұрын асырап алған қызының әпкесі екенін біліп қалды. Ол дереу екінші қызды да асырап алды.

Колорадо тұрғыны Кэтти Пейдж бірнеше жыл бұрын балалы бола алмайтынын біліп, қатты уайымдайды. Жақында 30 жасқа толған әйел бірнеше рет жұмысы мен тұратын жеірн ауыстырды. Бір күні оған дін қызметкері бала асырап алуға кеңес береді. Әйел 2016 жыл 4 баланы қамқорлығына алады. Кейіннен асырап алуға дайын ана екенін түсінеді.

2016 жылы жазда оған перзентханадан хабарласып, Грейсон есімді баланың өмірге келгенін айтады. Пейдж дереу перзентханаға жетіп, көрген сәттен нәрестені ұнатып қалады. ол 2017 жылы мамыр айына баланы ресми тұрде асырап алады.

Екі айда соң оған перзентханадағылар тағы хабарласып, Ханна есімді қыз баланың тастанды екенін айтады. Пейдж ол баланы да қамқорлығына алады. Жаңа туған сәбиді үйіне әкелісімен қолындағы биркасы көзіне түседі. Онда сәбидің биологиялық анасының есімі жазылған. Ол әйелдің аты алғашқы баланың да қолында жазылған еді.

“Акушерлер Ханна мен Грейсонның анасының ұқсайтынын айтты. Есімдері де ұқсас болды. Бұл сирек кездесетін есім”, – дейді Пейдж.

Алайда балалардың анасы перзентханаға екі түрлі есім айтқан. Кейін ДНҚ зерттеуінен кейін екі баланың бауырлар екені белгілі болды. Сондықтан Пейдж Ханнаны да асырап алды.

“Ханна Грейсонның қарама қарсы тұлғасы. Ұлым өте салмақты. Ал, қызым өте белсенді”, – дейді асырап алушы әйел.

Енді Пейдж сол әйел босанға үшінші баланы да асырап алмақ ойда.

Талқылау