Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелді шынтақпен соққан Канада премьер-министрі жауапқа тартылмайтын болды (бейне)

Канадалық депутат Эллен Броссо ел премьері Джастин Трюдоға қатысты істі тергемеу туралы өтініш берді. Естеріңізге сала кетсек, өткен айда Канада парламентінде болған қызу талқылау кезінде Трюдо депутат Горд Браунды қалың топтың арасынан алып шықпақ болды,-деп жазады 24.kz.

депутат

Жұлқынып жетіп келген премьер-министр Браунды қолтықтап өз орнына қарай адымдай жөнелді. Бірақ, сол қарбалас сәтте Джастин Трюдо жақын тұрған депутат әйел Эллен Броссоны шынтағымен оңдырмай соғып өтті. Мұның өзінде Трюдо «жолымнан құрып кетіңдерші әрі» деген, деп хабарлайды The Guardian. Ғаламторда пайда болған роликке сәйкес, Эллен Броссо соққыдан бір жағына қарай ауып кеткен.

Үкімет басшысының бұл оқыс қимылдарын Браун «ақылға қонымсыз» деп санаса, Эллен Рут Браун ренжіп, мәжіліс залынан кетіп қалған. Артынша Джастин Трюдо осы барлық әрекеті үшін олардан парламент мүшелерінің көзінше кешірім сұрады. Тек осыдан соң депутат әйел премьер-министрді кешірді.  Бірақ, әйелдің айтуынша, сол кезде «Трюдо есі дұрыс адамның әрекетін істемеген».

Талқылау