Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әйелді өзінен асырып лақтырып жіберген: Алматы облысында полицейлер сүзеген сиырды атып өлтірді

Алматы облысында полиция қызметкерлері қашадан қашып кеткен сиырды атып өлтіруге мәжбүр болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әйелді өзінен асырып лақтырып жіберген: Алматы облысында полицейлер сүзеген сиырды атып өлтірді

18 сәуірде Қайназар аулында жергілікті полицейлер сиырдың әйелге тап беріп, сүзбек болғанын көреді. Ол қашадан шығып кетіп, сол маңнан өтіп бара жатқан тұрғынға қарай жүгірген. Артынша әйелді сүзіп, өзінен асырып лақтырып жіберіпті. 

Тәртіп сақшылары әйелді жақын маңдағы медициналық бөлімге жіберіп, сиырды тыныштандыруға тырысқан. Артынша, анықталғандай, иесі сиырды союға дайындап, жемдеп жүрген екен. Олар сиырды соймақ болып жатқан кезде, ірі қара қашып кетіпті.

Артынша ол ауыл көшелерінде жүгіріп, адамдарға, соның ішінде балаларға да тап беріп, сүзбек болған. 

«Тәртіп сақшылары адамдарды сүзіп, мүйізімен екі көлікті зақымдаған сиырды адам жүрмейтін жерге айдап жіберді», - дейді полициядағылар. 

Сиыр адамдарға қауіп төндіргендіктен, полицейлер жануарға оқ атқан. Оған иесі рұқсат беріпті. 

Зардап шеккен әйелдің денесі көгеріп қалған екен. Ол ауруханадан шығарылды. 

Оқиғадан кейін сиырдың иесіне түсініктеме жазуға тура келді. Тәртіп сақшылары оған малды сою үшін осы мақсаттағы арнайы сою цехтарын пайдалануға кеңес берді. 

Оқиға орнына келген аудандық ветеринарлық қызмет жұмысшылары сиырды тексеріп, одан құтыру белгілерін таппады. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр