Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелдерге “балаларың өліп қалсын” деген жүгенсіз жүргізуші ұсталды

Алматыда жол сақшылары жаяу жүргінші жолымен жүріп, онда балаларымен жүрген әйелдерге тіл тигізген азаматты іздеп тапты,-деп жазды КТК арнасы.

жігіт

Ол жол ережесін бұзарғағаны үшін ескерту жасаған жас аналарға «Балаларың өліп қалсын» деп қарғыс айтып кеткен.

Бұл жағдай «Айнабұлақ» ықшамауданында болған. Жаяуларға арналған жолмен жүріп келе жатқан екі көлік балаларын арбаға салып серуендеп жүрген жас аналардың алдына тұрып алады.

Жол сұрағандай болады. Дегенмен әйелдер жол бермей, алдыңғы машинаның жүргізушісіне ескерту жасаған.

Ал біраздан кейін осы көлік тізгініндегі жігіт оларды айналып өтіп бара жатып, “Балаларың өліп қалсын” деп айғайлап кетеді.

Қараптан-қарап қарғыс алған келіншектер осы бір бейнежазбаны әлеуметтік желіге салған. Полиция жедел түрде іздеу шараларын жүргізіп, екі көліктің де жүргізушілері кім екенін анықтады. Олар бөлімшеге шақыртылып, жауап алынды.

Ал әйелдерге қарғыс айтқан азаматтың тіпті жүргізуші куәлігі де жоқ болып шыққан. Көлікті құжатсыз жүргізгені үшін оған қосымша хаттама толтырылды, ал машинасы айып тұрағына қойылды. Кінәлі жігіт полиция бөлімшесінде отырып әйелден және барша халықтан жыларман болып кешірім сұрады. Бұл азаматтың бұрын да тонау дерегі бойынша екі рет істі болғаны анықталды.

“Жол жабық болғандықтан мен тротуармен жүрдім. Ыңғайсыз жағдайға тап болдым. Ашуым кеп тұрғандықтан аузымнан жаман сөздер шығып кетті. Не болғанын өзім түсінбей қалдым. Барлық қазақстандықтардан кешірім сұраймын, мен ашу үстінде айтып қойдым. Мен кішкентай балаларды ренжіткім келген жоқ, әйелдерден де кешірім сұраймын, мұндай екінші рет қайталанбайды”,-дейді жігіт.

Оқи отырыңыз:

Лидо алғаш рет “кәрі, семіз әрі тақыр басты” күйеуін көрсетті (фото)

Қыдырәлі Болманов шұлық өндірумен айналыса бастады (фото, видео)

Нағима Есқалиеваның ұлы өзін танымайтын жұртқа ренжіп жүр

Қайрат Нұртасты жұрттың көзінше сүйіп ала жаздаған жігіт кім? (видео)

Талқылау