Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелдердің шашты көтеру кезінде жасайтын басты қателері анықталды

Сиднейдегі Raw сұлулық салонының негізін қалаушы стилист Энтони Нейдер шашты көтеріп, сәндеу кезінде әйелдер жасайтын негізгі қателерді атады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Әйелдердің шашты көтеру кезінде жасайтын басты қателері анықталды

Стилист әдемі шаштың құпиясы оларға қолданылатын қаражат көлемінде емес, бас жуғаннан кейінгі шашты дұрыс кептіруде дейді.

«Кептіру кезінде ең дұрысы фенде концентратор қалдыру керек. Ол ауа ағынын шаштың ұзындығы бойынша дұрыс таратады және соның арқасында шаш тегіс және жылтырап тұратын болады», – деп түсіндірді Нейдер.

Нәзік жандылардың ең жиі жасайтын қателіктерінің бірі – басты жуа сала шашты бірден кептіру.

Сарапшы шашты фенмен көтермей тұрып, алдымен шашты сүлгімен ылғалдандырып, өздігінен құрғатуға кеңес берді.

Сонымен қатар, сұлулық өнімдерін шамадан тыс пайдалану да шашқа зиянды.

«Шамадан тыс өнім қолдану кептіруді қиындатады. Олар шаштың түбірін майлатып және шаш көлемін жоғалтады», – дейді стилист.

Нейдер сондай-ақ шашты бірнеше бөлікке бөліп, әрқайсысын жеке-жеке құрғатуға кеңес береді. Сонымен қатар, ол фенді ең қуатты режимге қойып пайдалануға болмайды деп ескертті.


Талқылау