Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелдердің белдемшесі астынан түсіру үшін камераны бәтіңкесіне жасырған ер адамды күйік шалды

Ер адам бәтіңкесіне видеокамера жасырам деп күйік шалып қалды.

32 жастағы ер адам жанынан өткен әйелдердің белдемшесінің астынан бәтіңкесіндегі видео камера арқылы фото, видеотаспалар түсірмек болған.

Ер адам полициядағыларға өзі берілген. Ол ешқандай сурет түсіріп үлгермегендіктен оған жаза тағайындалған жоқ. Оның аяқ киіміндегі батарейка жарылып кеткен.

Ер адам аяғы күйген соң дәрігерге қаралған. Кейін бұл туралы өзінің дін қызметшісіне айтқан. Полицияға барып, сексуалды сипаттағы қылмыс жасамақ болғанын айтады.

Бұл елде белдемше астынан рұқсатсыз суретке түсіру ауыр қылмыс саналады. Ол үшін 3 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау