Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелдердің ашуын келтіретін ерлер гардеробындағы 10 зат

Әлемдегі ең тартымды, келбетті еркек киген кей киімдердің өзі нәзік жандылардың көңілінен шықпауы мүмкін. Алайда азаматтарымыздың намысын мұқатпас үшін ол жөнінде айта бермейміз.

19121165-collage7-1479267302-650-e91acfd834-1479388354

Бұл ретте әйелдерге арналған бірқатар форумдар мен журналдарды парақтап, ер-азаматтар гардеробындағы қандай киімнің аруларға ұнамайтынын анықтап көруге тырыстық.

Жеңіл жейде немесе күртедегі ойықтың тым үлкендігі

Егер V-іспеттес ойық сырт бейнеңізді сәнді, тартымды етсе, оның шамадан тыс үлкен болуы арзан әрі тұрпайы көрінеді.

Тым қысқа шолақ шалбар

Тізеден жоғары сәнді шолақ шалбарлар – нәзік жандылар түсініп болмайтын дүние. Жалаңаштанған түкті аяғыңыз қоғамдық орындарда әйелдерді естен тандыратыны анық. Біз мұндай көрініске әлі де дайын емеспіз.

Түрлі ұрандар мен әзілдер жазылған жеңіл жейде

Түрлі ұрандар жазылған жеңіл жейделер бірден көзге ұратын жарнама сияқты көрінеді. Өзіңізге назар аудартудың бұл әдісін ұтымды деуге келмес. Әлдекімнің қарабайыр ойын әйгілегенше, қарапайым, бірақ сапалы киім кигеніңіз абзал.

Вьетнамкалар

Вьетнамкаларды ерлер де, әйелдер де тек жағажайда ғана киюі керек. Олар қалалық ортада киюге арналмаған.

Костюмнен бөлек киілген көкірекше

Сырт бейнесін ерекшелеу үшін жеңіл жейде, күрте сыртынан көкірекше киетін азаматтар бар. Өкінішке орай, қыздарға бұл тартымды көрінбейді. Бәлкім, қызықты көрер. Көкірекшені тек классикалық костюммен киген дұрыс.

Көлемді түйіндік немесе әшекей бұйымы бар белбеу

Көлемді түйіндік, әшекей бұйымы бар үлкен белбеу – баяғыда сәннен қалған дүние. Одан да белбеудің тек шалбарды ұстап тұру қызметі бар, қара немесе қоңыр түсті былғары классикалық үлгілерін таңдағаныңыз жөн.

Кең костюм

Костюм — ер адам гардеробындағы ең сексуалды және тартымды киім. Бірақ сізге құйып қойғандай болса ғана тартымды көрінуден үміттенгейсіз. Өкінішке орай, қап тәрізді кең костюм сүйіктіңіздің таңданыс тудыра қоймайды.

Алқызыл түсті киімдер

Әйелдерге ер адам киіміндегі алқызыл түсті не үшін жек көретінін түсіндіру қиынға соғады. Мүмкін бұл тренд біз үшін «тым метросексуалды» болар.

Тым тырысқан джинсы

Тар джинсыларды кигенде тұрған қорқынышты дәнеме жоқ. Бірақ олар әйелдер легинстарына ұқсаса, келбетіңіздің тыртымды көрінуі екіталай. Елдің өзіңізден үркітері анық.

Бижутерия және сәндік бұйымдар

Шектен тыс мөлшердегі сәндік бұйымдар ешкімге жараспайды. Бейнеңізді сәнді ете түсу үшін бір-екі сапалы әрі сәнді бұйым ғана жетерлік.

Сәнді әрі тартымды көріну үшін қалай киіну керек?

Киім мен әшекей бұйым таңдаудағы жоғары талғамнан бөлек, ер-азаматтар ең алдымен киімнің ұқыптылығы, тазалығына мән беруі тиіс. Мыжылған, ескі және өлшеміңізге сай емес киім кимегеніңіз жөн. Оны кез-келген арудың бағалайтыны анық.

19120465-Socks-Sandals-1479266048-650-e5e3a6220e-1479388354

Біз сән әлеміндегі ең үлкен «қылмыс» есебіндегі мына бір дүниені тізімге арнайы қоспадық: мұндай үйлесім туралы сөз қозғаудың да қажеті жоқ. Бірақ ол жайлы ұмытқан немесе күмәнданған жандардың назарына тағы бір мәрте ұсынбақпыз.

 

Талқылау