Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау үшін: Ер азаматтар биік өкшелі туфлимен жүгіріп, жарыс өткізбек

Ерлер «Walk а Mile» қайырымдылық акциясына қатысу арқылы әйелдердің биік өкшелі туфлиін киіп, жарыс ұйымдастырмақ, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау үшін: Ер азаматтар биік өкшелі туфлимен жүгіріп, жарыс өткізбек

Аталған жарыс, 19 мамырда, АҚШ-тың Калифорния штатының Сакраменто қаласында өтеді. Бұл шара қоғам назарын әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа және сексуалды қорлыққа ұшырау мәселесіне қарату үшін ұйымдастырылып отыр.

Жарысқа қатысу құны – 50 доллар, яғни шамамен 19 мың теңгені құрайды. Бұл бағаға биік өкшелі туфлиді жалға алу, алкогольдік сусындарды шектеусіз алу, шараның белгісі көрсетілген футболкалар мен кәдесыйлар салынған сөмке кіреді.

Ал, аталған акцияны әйелдердің құқықтары мен бостандықтарын қорғауға шыққан «Weave» қайырымдылық ұйымы ұйымдастырып отыр. 1994 жылдан бастап компания босқындар мен олардың балаларын қолдайтын ұйымдармен серіктестік қарым-қатынас орнатып және дамытып келеді.
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр