Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелдерді қамшымен сабауға шақырған азаматтың жазбасы желіде дауға айналды

Данат Ахметов есімді азамат Баян Есентаеваны қолдау құрметіне ұйымдастырылған флешмобқа қарсы шықты. Тіпті өз әйелін ұратындығын айтып, нәзік жандыларға феминизмді насихаттамауға кеңес берді. Осыдан кейін азаматтың сөзіне наразы болған жұрт үстінен шағым түсіріп, вконтакте желісіндегі парақшасын өшірткізді.

image

Фото: Murat Dilmanov

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қазақстандық әйелдер Баян Есентаеваға қолдау көрсету ниетімен көздерін көк түске бояп (көгергендей), әлеуметтік желіде #ябаян хэштегімен  флешмоб ұйымдастырған-ды. Аталған флешмобқа қатысты қазақстандық жігіттер де өз ойын білдірді. Бірі қостай түссе, енді бірі әйелдердің өздерін кінәлаған.

Арасында Данат Ахметов есімді азамат өз әйелін ұратындығын айтып, нәзік жандыларға феминизмді насихаттамауға кеңес берген. Осыдан кейін желіде үлкен дау туып, түрлі пікір айтылды. Соңында көпшіліктің сұрауымен Данат Ахметовтың вконтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасы жойылған.

“Бұл жерде Феминизмді насихаттаудың қажеті жоқ! Мен басқа мемлекеттерде қалай екенін білмеймін, бірақ Қазақстанда еркек – үйдің басшысы! Және ол әйелінің көзіне шөп сала алады! Бұл қазақтарға тән дүние! Бұрын қазіргідей ж…тар көп болмаған, сол себепті төрт әйелге дейін алған! Ал қазір көңілдестер мен кездейсоқ ж…тармен көңіл көтеруге болады! Және әйелдерін ұруға да рұқсат берілетін!

Бұған қатысты ешкім наразылық білдірмеген! Әрбір қазақтың төрінде қамшы ілініп тұратын. Сол қамшымен әйелін айына бір рет сабап алатын! Әдетте етеккірі келген кезде сабайтын, өйткені осы уақытта әйел адам ашуланшақ әрі ұрысқақ болып кететін. Қазақ қыздары мен әйелдері өздерінше ақылдысымақтанып барасыңдар! Сендердің ешуақытта таңдау жасайтын құқықтарың болмаған! Бұрын қазақ қыздары жігітінің жанында аузын жауып, тек құрбыларымен шүйіркелесетін, жігіті рұқсат берген кезде ғана сөйлейтін!

Не тарихты ұмытып қалдыңдар ма??? Әйелдердің дауысы Кеңес Өкіметі орнаған тұстан бастап ескеріле бастады! Қазақтың шексіз қиыр даласына бұрын-соңды болмаған мәдениет келді. СССР құлап еді, әйелдердің тілі тіпті өткірлене бастады. Жаңа технологиялар келгелі бері сендер тіпті басқа шықтыңдар ғой! Әйелдер, жұмысқа тұрып, ақшаның иісін сезгелі бері арам пиғылдарың көріне бастады! Тарихтарыңды ешуақытта ұмытпаңдар! Өздеріңнің орындарыңды біліңдер! Админ, пікірімді шығар! Білсін әйелдер тарихымыздың қандай болғанын”, – дейді Данат Ахметов.

Бұл пікірден кейін желі қолданушылары өздерінің наразылықтарын білдірген. Тіпті қолданушының намысқа тигенін айтып, вконтакте желісіндегі парақшасын өшірткізген.

Олар мұндай жолдасы бар әйелдің бақытсыз, ал бала-шағасының өмірі мәнсіз болып жатқанын айтып жатыр.

Артынша Мұрат Ділманов есімді азамат Данат Ахметовтың фейк екенін айтты. Желі қолданушыларын ақпартты жақсылап тексеруге шақырып, Рустам Бахавадиновтен кешірім сұрады. Себебі, желіде шу көтерген азамат өз парақшасына Бахавадиновтің суреттерін жүктеп отырған.


Жіберіп алмаңыз:

Күйеуі соққыға жыққан жұлдыздар кімдер (фото)

Маңғыстау тұрғыны өзін желіде танысқан досы зорлады де айыптады

Пәкістанда әйелін «ақырын ұруға» рұқсат беретін заң жобасы болуы мүмкін

Шымкентте күйеуі әйелін балтамен ұрып өлтірді

Талқылау