Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жақсы көріп, бағалауы үшін: Әйел туыстарына қатерлі ісікке шалдыққанын айтып, 8 жыл бойы алдап келген

Аустралияда Келли Вал Смит есімді әйел отбасының өзіне көбірек көңіл бөлгенін қалап, қатерлі ісікке шалдыққанын айтып, 8 жыл бойы жақындары мен достарын алдап келген. Нәтижесінде отбасы шығына ұшырап, достары теріс айналған.

Әйел туыстары өзін жақсы көріп, бағалауы үшін қатерлі ісікпен ауыратынын айтып, 8 жыл бойы алдап келген

Бұл туралы  The Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Осы уақыт ішінде әйелдің отбасы мен достары оған емі үшін 400 мың аустралиялық доллар (106 млн теңгеден аса) берген екен. Сонымен қатар Вал Смит Facebook желісінде «ауыр дерті» туралы айтып, үнемі көмек сұраған.

40 жастағы Вал Смиттің өтірігі әшкере болғанда, туыстары мен достары оны сотқа берді. Тергеу барысында бірнеше адам оған бар ақшасын бергендіктен, ипотекасын төлей алмай отырғанын айтты.

Туыстарын алдаған әйелге анасы зейнетақы жинағындағы бар ақшасын берген екен. Оның құрбандарының арасында балалары да бар. Вал Смиттің өгей анасының сөзінше, оның әрекетінің салдарынан «отбасы ойран» болған.

Ал сотқа түсініктемес жазып берген аустралиялық әйел айналасындағыларды «өзін жақсы көріп, бағалуы үшін» алдап келгенін мойындаған.

Өз кінәсін толықтай мойындаған әйел қазан айында сот алдында жауап беретін болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау