Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел туған ұлын төрт жыл бойы қамауда ұстаған

Мәскеуде әйел өзінің 16 жастағы туған ұлын төрт жыл бойы қамауда ұстаған. Кейін баланы әлеуметтік қызмет өкілдері келіп алып шығыпты.

701-eingelocht

Бұл туралы REN.tv хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, ол баласын көшеге шығармай, тек фастфуд өнімдерімен тамақтандырған. Ол достарымен тек интернет арқылы араласыпты. Баланың әкесі мен анасы ата-ана құқығынан айырылып, ажырасып кеткен. Сондай-ақ, бала осы уақыт ішінде мектепке де бармаған. Ол 5-сыныптан кейін мүлде оқымаған. Ал әйел болса өз әрекетін мойындамай қойыпты.

“Ол бронхитпен ауырды. Үйден оқыды. Онда бәрі бар. Жағдайы жақсы, көшеге де шықты. Сондықтан оны неге алып кеткенін білмеймін”, – деді әйел.

Баланың көршілерінің айтуынша, бала дұрыс тамақтанбағандықтан тым қатты толып кеткен. Аудандық аурухана қызметкерлері де, баланың ауруына қарамастан оны бірде-бір рет көрмедік дейді.

Талқылау