Әйел теміржол бекетіне тұрмысқа шықты
Калифорнияда тұратын 45 жастағы Кэрол Санта-Фе өзімен аттас теміржол бекетіне тұрмысқа шықты.
Бұл туралы Mirror хабарлайды.
Әйел өзін жынданғанмын деп есептемейді. Оның сөзінше бұл құрылысқа ол 9 жылдан бері ғашық болыпты, тіпті онымен ойша секске де түскен көрінеді.
Ол күн сайын аялдамадан бастап жол бойына дейін аралап 45 минутын өткізеді. 2015 жылы тұрмысқа шығуы себепті, 2016 жылы теміржол бекетімен некелескеніне бір жыл толғанын атап өткен. Ол өзін жаны жоқ нысандарға ғашық болатын сексуал адам деп санайды екен.
“Мен ешкім көрмейтін кезде аялдамамен сәлемдесіп, сөйлесемін. Бұл жерде менің сүйікті орыным да бар, кейде мен оны сүйемін”, – дейді тұрғын.
Оқи отырыңыз:
87 жастағы әжей немерелерінің қарсылығына қарамай парапланмен ұшты (видео)
Қытайлар қазақтың киіз үйінің қыр-сырын меңгеруге құмартып жүр
Жұрт сыртынан тамашалап тұрған теңіз арыстаны қыз баланы су астына сүйреп әкетті (видео)