Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел тамағында тұрып қалған дәрінің қаптамасымен жарты ай бойы жүрген

Ұлыбританияның Белфаст қаласының тұрығын тамағына дәрінің қаптамасы тұрып қалғаннан кейін сол күйінде бір жарым ай бойы жүрген.

Әйел тамағында тұрып қалған дәрінің қаптамасымен жарты ай бойы жүрген

Бастапқыда әйел жергілікті ауруханаға барып, тамағының ауыратынын айтқан. Ол тамағында бөгде зат тұрғанын сезінетінін айтыпты. Алайда оны қараған лор-мамандар таблетка қабылдаған кезінде тамағының жырылып кеткенін айтып, егер ауру сезімі 48 сағаттан кейін де басылмаса, қайтадан дәрігерлерге жүгінуге кеңес берген, деп жазады BMJ Case Reports басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Алайда арада 3 тәулік өткеннен кейін әйел қайтадан ауруханаға келіп, тамағының ауруы әлі де басылмағанына шағымданады. Бұл жолы дәрігерлер контрастық рентгенография жасап, күмәнді ештеңені байқамапты.

Әйел тамағында тұрып қалған дәрінің қаптамасымен жарты ай бойы жүрген

Артынша дәрігерлер пациентті гастроскопиядан өтуге жіберуді ұйғарған. Сол кезде мамандар әйелдің өңешінің жоғарғы жағынан дәрінің пластик қаптамасын анықтаған. Анықталғандай, әйел түнде ауруды басатын дәрі ішемін деп, аңдаусызда дәрінің қаптамасын жұтып қойған.

Дәрігерлер әйелдің тамағында тұрған бөгде затты бірден алып тастады. Белгілі болғандай, пациент тамағында тұрған затпен 17 тәулік бойы жүрген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау