Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел сөзінің қандай мағына білдіретінін білесіз бе?

Біріншіден, «әйел» сөзінің парсы тіліндегі баламасы – хоным. Хоным деп, көбінесе өте сыйлы әйелдерге қарасты айтылады.

girl-2379439_960_720

Бұл туралы Ihsan.kz басылымы жазды.

Екіншіден, қазақ тіліндегі «әйел» сөзінің негізі парсыдағы «Йиәәл» сөзінен шыққан деген күннің өзінде, ол сөз – парсы тілінде «жезөкше» дегенді емес, «жұбайым» деген мағынаны білдіреді. Ал, жезөкшені парсы тілінде «фахиша» деп атайды. Сондықтан да, әйел сөзінің  түпкі мағынасын «сайқал», «жезөкше» дегенге саяды деу бекершілік. Оның үстіне, «Йиәәл» сөзінің өзі парсы тіліне арапшадан енген. Араб тіліндегі түпкі мағынасы: “отағасының қарауындағы отбасы мүшелері”.

Ендеше, «әйел» сөзінің шыққан жерін қазбалайтын болсақ, оның түбі фариси емес, араби тілге барып табан тірейді екен. Дегенмен, екі тілдің қайсысына тиесілі етсек те, сұрақта көрсетілген ұғымдарды білдірмейді. Ендігі жерде, шариғатта үкім қоярда әр елдің өз ана тілінде қалыптасқан мағынасы негізге алынады. Жергілікті халық қай мағынада қолданған болса, сол мағына назарға алынады.

«Усулуль Фиқһ», яғни, «фиқһ әдістемесі» ғылымында «ақиқат» және «мәжәз» деген арнайы тарау бар. Қандай да бір сөздің түпкі мағынасы сол қалпында сақталып,  басқа ұғымға ауыспай қолданылуын «ақиқат» дейміз. Мұны «ақиқи мағына» деп айтсақ болады. Мысалы, «адам туылды» деген сөйлемдегі «адам» сөзі ақиқи мағынасында қолданылып тұр.

Ал, егер, қандай да бір сөз негізгі мағынасында емес, ауыспалы мағынада қолданылып тұрса, оны «мәжәз» дейді. Мысалы, «Ол – қасқыр жігіт» делінсе, мұндағы «қасқыр» сөзі ауыспалы мағынада қолданылып тұр. Жігіттің қайсарлығын, батырлығын ұғындыру үшін айтылған сөз. Демек, шариғатта «әйел» сөзінің қазақ тіліндегі ақиқи мағынасы  –  “нәзік жандылар” деген ұғымда.

Енді, «қатын» деген дұрыс па, әлде «әйел» деген жөн бе? дегенге келер болсақ, мұнда да жалпы халық арасындағы қолданысты негізге алуымыз тиіс. Мысалы, бізде қатын сөзін бәріне бірдей қолдану әбестік. Оны көбіне дөрекілікке, әдепсіздікке балап жатады. Сондықтан да, «әйел» сөзін қолдану қалыптасқан. Осыған орай «әйел» сөзін қолданған жөн.


Жіберіп алмаңыз:

Екі мемлекетте заңсыз зейнетақы алып келген әже сотталды

14 жастағы қыз анасының сыныптасымен төсектес болып, басын айналдырып алған

Алматылық кәсіпкер 500 балаға ЭКСПО-ға билет сатып алып берді

Түрмеден босап шыққан Юрий Пакты оқушылары салтанатпен күтіп алды

Талқылау