Әйел неге күйеуінен таяқ жейді?

Жұма, 21 Шілде , 2017 17:38

Әйел билеген шаңырақта береке болмайды. Бүгінгі ажырасудың көбеюінің басты себебі осында. Матриархатқа көнбеген еркек жұдырық жұмсайды, соңы ажырасуға әкеледі.

1500541798_rkm-z-ornyn-blu-kerek

Бұл туралы kerek-info.kz жазады.

Ажырасу – бүгінде қазақ қоғамын алқымдап, атаны баладан алыстатқан жау. Статистика бойынша, қазір шаңырақ көтерген жұптың үштен бір бөлігі алғашқы жылы-ақ айрылысып тынады. Психологтар бұрын шаңырақ шайқалар қауіпті кезең деп бесінші және оныншы жылды айтатын. Жеткен жеріміз сол, жас жұбайлардың жүрегінде маздаған махаббаттың жылуы жылдан аспай суитын болған. “Балаға бір тиын бермейді…”. “Көкек әке”, “көкек ана”. “Көзіме шөп салды”. “Көр кеуде болып шықты…”. “Жігіттер жігіт болуды қойды”. “Жөні түзу қыз таппайсың”. Қоғамда әлеуметтік терминге айналған сөз тіркестері.

“Жақсы болса алғаның, үйіңнен кісі кетпейді. Жаман болса алғаның, шын досың да шеттейді”. Бұл мақалдар атам заманнан бар. Ал бүгінде жүз жолдың бірі психологқа апарады. Мамандар ұлттық дүниетаным мен психологияның ғылыми ұстанымдарының басын түйістіріп көрді. Бабаларымыздан қалған: “Алғаның жақсы болса, ырысыңның тұрағы”, “қатының жаман болса, үйіңнен мейманың кетеді” деген секілді нақыл сөздер көп.

“Бұл мақалдарда жауапкершілікті бөлуде психологиялық қателік жіберілген: отбасында ер адамды не жақсы, не жаман “қылатын” әйел сияқтанады”, – дейді психолог Марат Ғұсманов.

Күйеуі ұрмай тұрып, әйелдің өзі тиранның рөлін атқарады екен. Күйеуінің мазасын ала бастайды. Өзінің де ықылас-ілтипатқа мұқтаж екенін түйсіне бермейді. Қалыпты әлеуметтік тәсілді қолданып, “жаным, маған көңіл бөлші, екеуміз бір жаққа барсақ, менімен көбірек сұқбаттасқаныңды қалаймын” демейді. Оның орнына, “көршіге қара, анау ананы қатырыпты, сен болсаң мынау, диванда жатырсың!” деп құлақ етін жей бастайды. Бұл – күйеуіне жәбір көрсету болып саналады. Ақыр соңында әйел тираннан зардап шегушіге, ал күйеуі тиранға айналғанын білмей қалады. Әдетте, бұдан соң өзін қол көтергені үшін кінәлі сезінген еркек құлдық ұрып, кешірім сұрайды, ал әйел осыдан ләззат алады. Өзін керек сезінеді. Бұл – коммуникация тәсілі. Бұндай әйел өзіне басқаша назар аударта алмайды. Үйретпеген. Үйренбеген.

Әйел адамның отбасын сақтап қалудағы күш-қарымына қатысты, дәлелденген дүние “3 жастан кейін кеш” деп аталатын кітап та бар. Жапондықтар бала тәрбиелеуде осыны ұстанады, ал жалпы, психологтар тұлға бес жасқа дейін қалыптасады деп есептейді. Ал, ер адам қанша жаста үйленеді? Жиырмадан кейін ғана отау құрады. Сондықтан қайта тәрбиелеу
идеясы – көптеген әйелдің үлкен қателігі. Бойына о баста қажетті тәрбие сіңірілмеген болса, ешнәрсені алып-қоса алмайсың.

Дегенмен, екеуі бірге тұрғанда, эмоционалдық байланыс болса және әйел еркегінің деңгейіне түсіп, күйзелісін бөлісе алса, ештеңе болмас еді. Мысалы, ер адам жұмыссыз қалып, шындап қамыққанда, жан дүниесін ұғып, тілін табатын, жақсы көретін әйелінің “қашан жұмысқа шығасың” деп зіркілдегенін емес, “немен шұғылданғың келеді, сен үшін қазір не маңызды”, “қандай ойдасың” деген секілді бұл күйзелісті екеулеп жеңуге сеп болар сұрақтарды қойғанын тәуір көреді. Өкініштісі сол, көп әйелдер күйеуінің жанын жегідей жеп, қақсай беру арқылы айтқаныма көндіремін, дегеніме жетемін деп ойлайды.

Әйел адам жүргіш болса, бұл оның жан дүниесіндегі олқылықтың, жарымжандылықтың белгісі. Жүрегінің түкпірінде елге білдірмейтін жан жарасы бар деген сөз. Балалық шағында зорлық көріп, ия біреудің жаман іске бейімдеуі не инцесті басынан кешкен болуы әбден мүмкін. Құндылықтардың орны төсек қатынасымен алмастырылған, бұл да сол әйелдің өзі ұғына бермейтін нәрсе. Ер адамға тәнінен өзге не ұсынарын білмейді. Сондықтан, жүргіш әйелдің өзін бағалауы тым төмен деңгейде.

Негізінде, олардың көбі – жан дүниесінде пернесі басылмаған түкпірлері көп адамдар. Сол себепті, көбісіне, ғылым тілімен айтқандағы “оргазм” ұғымы жат, тек өтірік кейіп танытады… Ал, дәстүрлі мәдениетті ұстанған әйел үшін көзге шөп салу – өте ауыр нәрсе. Аффектке (ашу қысу – авт.), ішкі күйзеліс кезінде жол беруі мүмкін. Психикалық тұрғыда тірі өлікке айналмас үшін баруы мүмкін. Өйткені, депрессияның ауыр формасында адам өзін тірі өлік сияқты сезінеді.

Өкінішке орай, осы күйде көп әйел қателікке ұрынады: көлденең көк аттымен шатасады немесе өзге жаман жолды таңдайды. Жылу көрмеген балаға тәтті берсе, кез келген ересек алдап түсіре алады емес пе? Күйеуінің ықылас-назары кемшін әйел де солай. Ал, ер адамдар мұны сезеді де, тұзаққа түсіруі мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Жезөкше болған қазақ қызы тікелей эфирде мұңын шақты

Студент намазы мен жігітін тастауға мәжбүрлеген әпкелері туралы айтып жылады

Ильхам Ибрагим эфирде ешкімге айтпай түсік жасатқан оқушыны ұрысып тастады

Мектеп оқушысы өзін түсік тастауға мәжбүрлеген жігіт туралы айтып жылады

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар